Жаңалық
Астанада үлкен деректерді және жасанды интеллектті дамыту бойынша митап өтті
15 қыркүйекте Астанада Қазақстан Республикасында үлкен деректерді өңдеудің және жасанды интеллект технологияларын дамытудың практикалық аспектілеріне арналған сарапшылық кездесу өтті.
Іс-шара The Open Group серіктесі - Association of Enterprise Architects (AEA Kazakhstan Chapter) халықаралық корпоративтік архитекторлар қауымдастығының Қазақстандық бөлімшесінің қатысуымен ұйымдастырылды. Жұмыс кездесуіне Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының, Ақпараттық-есептеу орталығының (АЕО) және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның өкілдері, сондай-ақ қаржы секторындағы IT және талдама бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Еркебұлан Сейсенұлы Иембердиев қатысушыларға арнап сөз сөйлеп, мемлекеттік басқаруды цифрландырудың негізгі міндеттерін және деректермен жұмыс істеудің болашақ бағыттарын атап өтті. Сараптамалық сессияны AEA Kazakhstan Chapter төрағасы Дәурен Досымбек жүргізді.
Баяндамалар барысында «ЕРДО» АҚ өкілі Досымбек Сапарбек әлеуметтік-еңбек саласында үлкен деректерді талдауды қолдану нәтижелерін ұсынды, ал АЕО маманы Алпамыс Керембаев қазіргі заманғы мемлекеттік статистикада Big Data қолдану әлеуетін ашты. Eurasian Bank сарапшылары - Зарина Жапарова мен Димаш Төреханов корпоративтік ЖИ-архитектурасын құру және коммерциялық секторда деректерді басқару жүйелерін енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Митаптың соңғы бөлігі сараптамалық блиц-пікірталас болды. Қатысушылар қаржы технологиялық және мемлекеттік секторда талдамаға көзқарастарды синхрондаудың практикалық аспектілерін талқылады, сондай-ақ ведомствоаралық және салалық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын белгіледі.



