Жаңалық

«АЕО» РМК мен Сеул ұлттық университеті демографиялық талдау саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

«АЕО» РМК мен Сеул ұлттық университеті демографиялық талдау саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Ұлттық статистика бюросының алаңында Сеул ұлттық университетінің сарапшылары – Чо Ён-тхэ және Ким До-юнмен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға Бюро басшылығы, «АЕО» РМК директорының орынбасары Наурыз Байзаков, сондай-ақ Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының мамандары қатысты.

Кездесу барысында шетелдік әріптестер туудың төмендігі мен халықтың қартаюына байланысты демографиялық сын-қатерлер туралы айтып берді. Қатысушылар Оңтүстік Корея жүріп өткен жолды Қазақстандағы ағымдағы процестермен салыстыруға болатынын, бұл ұлттық ерекшелікті ескере отырып, тиімді шешімдерді бейімдеу үшін мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«АЕО» РМК өкілдері Талдау және болжау орталығының қызметін таныстырып, халықаралық сарапшылармен демографияны дамытудың заманауи тәуекелдері мен перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі дамыту және талдамалық тәжірибемен тұрақты алмасу туралы уағдаласты.