Жаңалық
АЕО РМК директорының орынбасары Эльмира Бараковна «Digital Qazaqstan» ұлттық форумына қатысты
«ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК директорының орынбасары Эльмира Баракова 27 наурызда Шымкентте өткен Digital Qazaqstan ұлттық технологиялық форумына қатысты.
Industry 5.0 тұжырымдамасына арналған форум аясында жасанды интеллектті мемлекеттік бизнес-процестерге терең интеграциялау мәселелері талқыланды. Деректер архитектурасына және цифрлық өнімдермен алмасу кезінде киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылды.
АЕО РМК үшін мұндай іс-шараларға қатысу – бұл жоғары жүктелген жүйелерді құру және Big Data басқару саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі. Біз статистикалық ақпаратты тезірек өңдеу және соңғы пайдаланушыға қолжетімді ету үшін озық шешімдерді енгіземіз. Үлкен деректер мен жасанды интеллектті пайдалану енді статистиканы жинауды автоматтандыруға ғана емес, сонымен қатар респонденттердің мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдететін және сенімді ақпаратқа қол жеткізу арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыратын зияткерлік сервистерді құруға бағытталған.
Форумға қатысу Қазақстанның цифрлық экономикасы мүддесінде инновацияларды енгізуге дайын Ұлттық статистика жүйесіндегі жетекші технологиялық оператор ретіндегі АЕО мәртебесін растайды.


