Жаңалық
Қазақстан мен Сербия статистика саласында тәжірибе алмасты
2025 жылғы 8-13 желтоқсан аралығында Белградта (Сербия Республикасы) Қазақстан мен Сербияның статистикалық органдары мен зерттеу қоғамдастығының өкілдері арасында тәжірибе алмасу бойынша іс-шара өтті. Статистикалық өндірісте жаңа цифрлық құралдарды қолдану басты назарда.
Бағдарлама аясында қатысушыларға статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу кезінде қолданылатын заманауи цифрлық шешімдер, сондай-ақ ресми статистикада мобильді деректерді пайдалану тәжірибесі көрсетілді. Деректердің сапасын арттыру және талдаудың инновациялық әдістерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара кәсіби диалог пен деректерге негізделген басқару шешімдерін қабылдаудың озық тәсілдерімен алмасу алаңына айналды. Қатысушылар цифрлық экономиканың талаптарын ескере отырып, статистикалық жүйелерді жетілдіру жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

