Жаңалық
Сербия мен Шанхайға сапар. 2025 жылғы 25-26 қарашада Шанхайда деректер экожүйесі бойынша Жаһандық конференция өтті
Шанхайда 25-26 қарашада бесінші Жаһандық деректер экожүйесі конференциясы өтті (GDEC 2025). Конференцияға Қазақстаннан келген делегаттар қатарында АЕО РМК директоры Қайрат Кипатов, директордың орынбасары Сарсен Жанабеков және Жобалық басқару департаментінің директоры Акмарал Тоқбергенова қатысты.
Конференция «Деректер әлемі, байланысты болашақ – ∞ шекарасыз көбейту» тақырыбында өтті және деректер саласындағы халықаралық ынтымақтастық, цифрлық инфрақұрылымды, қоғамдық цифрлық сервистерді дамыту және әртүрлі салаларда деректерді зияткерлік қолдану мәселелеріне арналды.
GDEC 2025 шеңберінде Ақпараттық-есептеу орталығының өкілдері «Қазақстандағы деректердің экономикалық әлеуетін ашу» тұжырымдамалық құжатын ресми түрде таныстырды.
Конференция ҚХР Мемлекеттік деректер басқармасы мен Шанхай Үкіметінің қолдауымен өтті. Ұйымдастырушылар GDEC 2025 деректер саласындағы жаһандық диалог пен Орталық Азия елдерін қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін маңызды алаңға айналғанын атап өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық компаниялардың өкілдері, академиялық сарапшылар мен технологиялық көшбасшылар қатысты. Бағдарлама аясында пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер, жетістіктер көрмелері және халықаралық жобалар бойынша сессиялар өтті. Қатысушылар деректерге негізделген экономиканың мүмкіндіктері мен сын-қатерлерін талқылап, табысты тәжірибелерімен бөлісті.
Мақаламен және материалмен танысуға арналған сілтеме Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының сайтында: https://stat.gov.kz/ru/news/aspir-rk-predstavilo-analiticheskiy-dokument-o-razvitii-rynka-dannykh-v-kazakhstane-/


