Жаңалық

Кайрат Кипатов Ақпараттық-есептеу орталығының қызметкерлерін марапаттады

Кайрат Кипатов Ақпараттық-есептеу орталығының қызметкерлерін марапаттады

Ақпараттық-есептеу орталығында Қазақстан статистикасы күніне орай қызметкерлерді құттықтау салтанаты өтті. Бұл күні орталықтың дамуына және негізгі жобаларды іске асыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлерге ерекше марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.

 

АЕО РМК директоры Кайрат Кипатов ұжымның ұйымшыл жұмысының маңыздылығын атап өтті. «Әр нәтиженің артында команданың жұмысы тұр. Біздің қызметкерлердің кәсібилігі, бастамашылығы мен жауапкершілігі жобаларды табысты іске асыруға және позицияларды нығайтуға мүмкіндік береді. Жоғары сапа стандарттарына деген адалдығыңыз үшін алғыс айтамын», - деді ол.