Жаңалық
Астанада мемлекеттік статистиканың 105 жылдығына арналған «Ұлттық статистикалық жүйелерді цифрлық трансформациялау» халықаралық форумы өтті
2025 жылғы 8 қарашада ҚР Мемлекеттік статистика органдары 105 жылдық мерейтойын атап өтті – қоғам мен экономиканың дамуын көрсететін деректерді жинау, талдау және тарату тарихындағы маңызды кезең. Статистикалық жүйе басқарушылық шешімдер қабылдау және мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін ажырамас негіз бола отырып, қолмен есептеуден заманауи цифрлық технологияларға дейінгі жолдан өтті.
Осы айтулы күннің құрметіне Астанада «Ұлттық статистикалық жүйелерді цифрлық трансформациялау» халықаралық форумы өтті, оған Ұлттық статистикалық кеңселердің басшылары мен сарапшылары, халықаралық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің, АТ-компаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Форум аясында тәжірибе алмасуға, цифрлық трансформация стратегияларын талқылауға, инновациялық шешімдерді енгізуге және қарқынды технологиялық өзгерістер жағдайында ресми статистиканы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге көп көңіл бөлінді.

