Жаңалық

Астанада деректер сапасын бақылау мәселелері бойынша семинар өтті

Астанада деректер сапасын бақылау мәселелері бойынша семинар өтті

Астанада статистикалық зерттеулердегі деректердің сапасын бақылау мәселелеріне арналған төрт күндік мамандандырылған семинар өтті. Іс-шара Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) қолдауымен Ұлттық статистика бюросының Түрік статистика институтымен (TUIK) ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Ұлттық статистика бюросының, «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК қызметкерлері, сондай-ақ сапаны басқару саласындағы сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Оқыту барысында деректер сапасын бақылау жүйесін қалыптастырудың заманауи тәсілдері, ақпаратты тексеру рәсімдерін автоматтандыру мәселелері және қателерді анықтау және алдын алу үшін талдамалық құралдарды қолдану қарастырылды.