Жаңалық

Big Data бойынша Яндекс практикумы оқыту жүргізді

Big Data бойынша Яндекс практикумы оқыту жүргізді

Ақпараттық-есептеу орталығының қызметкерлері «Яндекс» компаниясының өкілдерінен оқыды. «Яндекс Практикум» маманы Александр Вальд және «Яндекс Облако» деректер тұғырнамасының өнім архитекторы Кузьма Лешаков АЕО өндірістік бөлімшелері мен оның филиалының қызметкерлері үшін бес күндік курс өткізді.

«Өндірістік бөлімшелер үшін деректерді талдау және инжиниринг» семинары аясында қатысушылар деректермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін және ағымдағы қызметте қолданылатын практикалық кейстерді қарастырды.

Оқыту бағдарламасы қолда бар білімді тереңдетуге және деректерді талдау саласында практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Python және SQL құралдарымен жұмысты жүйелеуге, сондай-ақ Jupyter Notebook пен pandas кітапханасын талдамалық тапсырмаларда қолдануға ерекше назар аударылды.