Басшылық

Кипатов Қайрат Ибрагимұлы
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
1986 жылғы 26 мамырда Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
2008 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша аяқтады, ал 2015 жылы Роберт Гордон университетін (Абердин қ., Ұлыбритания) «Ақпараттық және желілік қауіпсіздік» мамандығы бойынша аяқтап, ақпараттық және желілік қауіпсіздік магистрі дәрежесі берілді.
Еңбек жолы:
2009 – 2016 жылдары: «Қазақтелеком» АҚ-да инженер және жүйелік инженер лауазымдарында жұмыс істеді.
2016 – 2017 жылдары: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да есептеу ресурстарын дамыту бөлімінің бас маманы, инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарды.
2017 – 2021 жылдары: «Қазақтелеком» АҚ-да жетекші маман, бас талдаушы, қызмет бастығы және Жобаларды басқару департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді.
2021 – 2023 жылдары: «KAP Technology» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес ұйымы) Цифрландыру және дамыту департаментінің директоры.
2023 жылғы 1 қыркүйек – 2024 жылғы 14 маусым: «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК директорының орынбасары.
2024 жылғы 14 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін: «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК директоры.
Бижанова Эльмира Бараққызы
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары
Бижанова Эльмира Бараққызы 1982 жылғы 13 ақпанда Ақтөбе облысы Қобда ауданының Ақраб кентінде дүниеге келген.
2003 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша (бакалавриат), 2017 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Информатика» мамандығы бойынша аяқтап, «Педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілді.
Еңбек жолы:
2003 жылғы тамыз – 2004 жылғы наурыз: Ақтөбе мұнай және газ колледжінде арнайы пәндер оқытушысы, ал 2005 жылғы қыркүйек – 2006 жылғы шілде аралығында Экономика-заң колледжінде бағдарламалау оқытушысы болып жұмыс істеді.
2007 жылғы ақпан – 2010 жылғы қаңтар: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да («ҰАТ» АҚ) жұмыс істеді. Мемлекеттік органдардың IT-бөлімшелері №4 бөлімінің жетекші және бас маманы, Мемлекеттік органның АКТ-процестерін талдау және менеджменті №3 тобының бюджет директоры, Консалтингтік қызметтер көрсету бағытындағы консалтинг тобының консультанты лауазымдарын атқарды.
2009 жылғы маусым – 2010 жылғы желтоқсан: «Soft Partner» ЖШС-де жоба жетекшісі, кейін директордың орынбасары (соның ішінде қоса атқарушылық бойынша) болды.
2010 жылғы желтоқсан – 2017 жылғы сәуір: «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да жұмыс істеді. Жобалау орталығының бас менеджері, Инвестициялық жобалар департаментінің бас менеджері, Технологиялық даму департаментінің бас менеджері, Салалық талдау департаментінің бас менеджері, Жобалық кеңсенің бас менеджері, Бағдарламаларды басқару департаментінің бағдарлама жетекшісі және АКТ саласындағы әдіснамалық даму департаментінің бас менеджері лауазымдарын атқарды.
2017 жылғы мамыр – 2019 жылғы сәуір: «Қазақтелеком» АҚ филиалында (Ақпараттық жүйелер дирекциясы) Бизнес-шешімдерді әзірлеу орталығының бас маманы болып жұмыс істеді.
2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін: «ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК-да жұмыс істейді, мұнда Ақпараттық-статистикалық жүйелерді дамыту департаментінің ұлттық халық санақтары бөлімінің басшысы, Жобалық әкімшілендіру департаментінің жоба менеджері және Жобалық басқару департаментінің жоба жетекшісі лауазымдарын атқарды.
2024 жылғы 24 шілдеден бастап: «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Байзақов Наурыз Айбарұлы
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары
1992 жылғы 11 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
2017 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша (экономика және бизнес бакалавры), 2018 жылы осы жоғары оқу орнының магистратурасын дәл осы мамандық бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы:
2014 жылғы қыркүйек – 2015 жылғы шілде: «Бiлiм берудi дамытудағы көшбасшылық» Қауымдастығы мекемесінің жобалар әкімшісі лауазымын атқарды.
2017 – 2022 жылдары: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да жұмыс істеді, онда жүйелі түрде Реттеушілік ортаны талдау орталығының сарапшысы, Стратегиялық әзірлемелер орталығының (кейіннен – Стратегиялық әзірлемелер және орнықты даму орталығы, Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы) аға сарапшысы, кейін Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының жетекші сарапшысы лауазымдарын атқарды.
2021 жылғы наурыз – 2025 жылғы мамыр: «Көзқарас» қоғамдық қорының деректерді талдау және өңдеу бөлімінің басшысы (қоса атқарушылық бойынша).
2022 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін: «ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК-да жұмыс істейді. Эконометрист-талдаушы, бизнес-талдаушы, data-талдаушы, data-сайентист, Эксперименттік деректер және статистика бөлімінің басшысы – Талдау шешімдерін қалыптастыру департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2025 жылғы 18 маусымнан бастап: «ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының АЕО» ШЖҚ РМК директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қакенова Аида Алпысбайқызы
«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары
1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Боровской кентінде дүниеге келген.
2004 жылы Экономика-заң колледжін «Салық қызметінің маманы» мамандығы бойынша, 2011 жылы «Көкше» академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы:
2004 жылғы қыркүйек – 2006 жылғы тамыз: «Бостон-НС» англо-американ тіл мектебінде офис-менеджер, кейін «Прогресс» сауда үйінде жұмыс істеді.
2006 жылғы тамыз – 2007 жылғы қараша: «Бай-Жер» ЖШС-де офис-менеджер, бас бухгалтердің міндетін атқарушы, бухгалтер, сондай-ақ «Прогресс» ЖШС-де жетекші маман (қоса атқарушылық бойынша) лауазымдарында жұмыс істеді.
2008 жылғы тамыз – 2010 жылғы сәуір: «ҚАЗАГРОГАРАНТ» АҚ-да жұмыс істеді. Мақта жөніндегі аға технолог, бухгалтер және Қаржы департаментінің менеджері лауазымдарын атқарды.
2010 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін: «ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК-да жұмыс істейді. Бухгалтерлік есепке алу және есептілік бөлімінің жетекші маманы, Қаржы және бухгалтерлік есепке алу департаментінің директоры, орталық директорының орынбасары және Экономика және қаржы департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.
2026 жылғы 15 маусымнан бастап: «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
