Компаниямызда біз деректермен жұмыс істеу мәдениетіне үлкен мән береміз және оларды тиімді басқаруға тырысамыз.
Деректерді басқару мәдениеті – бұл деректері бар және оларды тиімді пайдалануға ұмтылатын кез-келген ұйым үшін міндет. Қазіргі уақытта, жыл сайын деректер көбейіп жатқанда, қызметкерлерді құралдармен және дереккөздерге қол жеткізуді жабдықтау жеткіліксіз, қызметкерлердің деректерді өңдеуді, талдауды және тиімді пайдалануды үйренуі маңызды.
Деректерді басқарудың маңыздылығы

Неліктен дәл қазір деректерді басқарудың тұрақты корпоративтік мәдениетін құру міндеті бірінші орынға шығып жатыр, оның негізгі себебі талдау мен болжау үшін олардың өсіп келе жатқан маңыздылығы, сондай-ақ деректерді неғұрлым негізделген бизнес шешімдерін қабылдау, маркетингтік науқандарды жақсарту, процестерді оңтайландыру және шығындарды азайту үшін пайдаланылатын актив ретінде пайдалану болып табылады. Деректерді басқару мәдениетінің болмауы АТ-жүйелерінің тиімділігін төмендетіп қана қоймай, сақтау орындарға ауыртпалық түсіреді, өнімділікті төмендетеді, бизнес-талдаманы іске қосу мүмкіндіктерін шектейді.

Деректерді басқару типтері
Деректер архитектурасын әзірлеу көбінесе бірінші қадам болып табылады, әсіресе басқару үшін деректері көп ірі ұйымдарда. Деректер архитектурасы деректерді басқару схемасын және жеке қосымшаларға арналған арнайы технологияларды қоса алғанда, дерекқор мен басқа тұғырнамаларды орналастыруды қамтамасыз етеді.


Деректерді басқару жүйесі мыналарды қамтиды:
  • деректерді модельдеу, деректер элементтері арасындағы логикалық байланысты құру;
  • жедел және талдамалық пайдалану үшін әртүрлі көздерден алынған деректерді біріктіретін деректердің интеграциясы;
  • бүкіл ұйымда деректердің дәйектілігін қамтамасыз ету үшін саясат пен процедураларды белгілейтін деректерді басқару;
  • деректердегі қателер мен сәйкессіздіктерді түзетуге бағытталған деректер сапасын басқару;
  • жіктеуіштер мен анықтамалықтарды басқару.
Data Literacy бағдарламасы
Халықтың, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің арасында Data Literacy деректерімен жұмыс істеу дағдыларын арттыру мақсатында ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросы еркін қолжетімді деректермен жұмыс істеу бойынша оқыту бағдарламасын іске қосуды жоспарлауда. Бағдарлама әртүрлі тілдердегі онлайн білім беру платформасы арқылы қолжетімді болады.
Бағдарлама статистикалық сауаттылықты арттыруға және Қазақстан үшін қолданбалы және бейімделген кейстер арқылы деректер негізінде шешім қабылдау мәдениетін (Data driven decision making) енгізуге бағытталған. Бағдарлама халық пен мемлекеттік органдар тарапынан деректерге сұранысты арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға алып келеді.
Сонымен қатар, бағдарлама қатысушылардың білімі мен қажеттіліктерінің әртүрлі деңгейіне, білімнің ең базалық деңгейінен бастап, дата-талдаушылар мен дата-сайентистердің ең озық деңгейіне дейін бағытталған.
Базалық курста азаматтарды, оқушылар мен студенттерді статистиканың бастапқы негіздеріне үйрету көзделеді.
Сондай-ақ, онлайн оқыту платформаларында оқу материалының қолжетімділігі статистикадағы мақсатты аудиторияның хабардарлығын үнемі арттыруға мүмкіндік береді
Qaz Datathon
«Qazdatathon» конкурсы – бұл деректерге негізделген әлеуметтік-экономикалық, әдіснамалық мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін іздеу, сондай-ақ деректерді басқару мәдениетін және деректерге негізделген шешімдер қабылдау тәжірибесін ілгерілету мақсатында өткізілетін деректер жобаларының жарысы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Байланыс ақпараты
+7 7172 55 24 11
Дс - Жм: 09:00 - 18:30
2023 © «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны