«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы №1552 қаулысын орындау барысында құрылды. АЕО басты мақсаты – заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып статистикалық ақпаратты автоматтандырылған жинау, өндеу, сақтау және тарату.
АЕО ақпараттық-есептеу қызметін көрсету саласында ең ірі кәсіпорын болып саналады, корпоративті және сыртқы желілерге біріктірілген жоғары өнімді серверлер және компьютерлермен қамтылған.
АЕО РМК-ның Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі ММЖК рұқсатының негізінде құрылған 17 филиалы бар.
Республикалық деңгейдегі филиалдың мамандары статистиканың келесі салалары бойынша алғашқы статистикалық деректерді өндеу, республикалық деңгейде жарияланымдарды шығаруға дайындау бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауды және статистика ақпаратын пайдаланушылардың жеке сұраныстарын қамтамасыз етеді:
кәсіпорын статистикасы
ҚР өңірлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер тізбесі, ҚР-дағы заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлерлік субъектілер, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалар филиалдары санының негізгі көрсеткіштері және т.б.;
ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы
ауыл шаруашылық дақылдарын жалпы жинау туралы, мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері туралы, орман шаруашылығы туралы, балық аулау және акваөсіру дамуының негізгі көрсеткіштері туралы және т.б.;
өнеркәсіп өндірісінің және қоршаған орта статистикасы
өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы, өнеркәсіп өндірісінің индекстері туралы, өндірістік қуаттар балансы туралы, атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары туралы және т.б.;
энергетика және тауар нарықтары статистикасы
өнімнің және шикізаттың жекелеген түрлерінің ресурстары мен пайдалануы туралы, жылу электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы және т.б.;
инвестициялар және құрылыс статистикасы
құрылыс жұмыстарын жүргізу және объектілерді пайдалануға енгізу туралы, негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы және т.б.;
ішкі сауда статистикасы
тауарларды өткізу көлемі туралы, базарлар қызметi туралы, тауар биржаларының қызметі туралы, автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы және т.б.;
сыртқы және өзара сауда статистикасы
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы (2011 жылғы шілдеден бастап);
көлік статистикасы
көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы, теміржол көлігінің қызметі туралы, кеме жүзетін ішкі су жолдарының ұзындығы және ішкі су көлігінің жылжымалы құрамы туралы және т.б.;
байланыс статистикасы
байланыс, пошта және курьерлік қызмет кәсіпорындары жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы;
қызмет көрсету статистикасы
көрестілген қызметтердің көлемі туралы және т. б.;
мәдениет статистикасы
океанариум, хайуанаттар парктерінің қызметі туралы, театрлардың, саябақтарды, музейлердің қызметі туралы және т.б.;
туризм статистикасы
орналастыру орындарының қызметі туралы, келушілерді іріктеп зерттеу туралы және т.б.;
инновация статистикасы
кәсіпорындардың инновациялық қызметі туралы;
ғылым статистикасы
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар статистикасы
үй шаруашылықтарының және кәсіпорындардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы туралы;
еңбек және жұмыспен қамту статистикасы
еңбек нарығының негізгі индикаторлары туралы, ірі және орта кәсіпорындарындағы жұмыс күшінің болуы және қозғалысы туралы, қызметкерлердің саны және жалақысы туралы, жеке экономикалық қызмет түрлері бойынша зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны туралы және т.б.;
баға статистикасы
тұтыну бағасының индексі туралы, бөлшек сауда бағасының индексі туралы, ақылы қызметтердің жекелеген түрлеріне баға және тарифтер туралы, негізгі азық-түлік емес тауарларға бөлшек сауда бағасы туралы, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы және баға индексі туралы және т.б.;
құрылымдық статистика
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы, микрокредиттік кызмет туралы, негізгі қорлар туралы және т.б.;
конъюнктуралық зерттеулер статистикасы
кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі туралы;
демографиялық статистика
облыстар, қалалар және аудандар бойынша халық саны туралы, халықтың көші-қоны туралы, табиғи қозғалыс туралы және т.б.;
білім беру статистикасы
білім беру ұйымдары көрсеткен қызметтердің көлемі туралы, жоғары оқу орындары туралы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы және т.б.;
денсаулық сақтау статистикасы
денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтер көлемі туралы, денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы және т.б.;
әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы
арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі ұйымдар туралы;
тұрмыс деңгейі статистикасы
үй шаруашылықтарының әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары туралы, үй шаруашылықтарының табыстары мен шығыстары туралы, халықтың тұрмыс сапасы туралы және т.б.;
Жоғарыда аталған жұмыстар халықаралық стандарттар, ақпаратты статистикалық жіктеу және кодтау статистикалық жүйесі, статистиканың ақпараттық ресурстарын беру нысандары негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар ақпараттық қызметтерді ұсыну және статистиканың ақпараттық өнімдер нарығын дамыту бойынша механизмдерді дамыту, орталық экономикалық органдардың, басқарудың салалық және өңірлік жүйелерімен статистикалық ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК құрылған күннен бастап ақпараттық технологиялардың екпінді өзгерістерден қалмай, қарқынды дамуда.Бірнеше жылдар ішінде аппараттық тұғырнамалардың және ДҚБЖ ауыстырылды, желілер едәуір кеңейтілді, статистика ақпараттық жүйесінің қайта құрылуы тұрақты жүргізілді, сонымен қатар статистикалық үрдістері үздіксіз тиімді орындалуы жалғастыра берді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің АЕО» РМК мамандары заманауи ақпараттық технологияларды енгізу арқасында 2010 жылдан бастап көлемі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті және оның аймақтық органдарының кешенді автоматтандыруын сипаттайтын «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі жасалды.
«е-Статистика» жобасының шеңберінде респонденттерге жүктемені азайту мақсатында 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап «Деректерді оn-line режимде жинау» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Қазіргі уақытта жүйе жұмысы іске қосылды және статистиканың 124 нысаны бойынша қабылдау жүргізеді.
«е-Статистика» ИАЖ енгізу нәтижесінде Жүйенің ішкі, сонымен қатар сыртқы пайдаланушыларының саны бірталай көбейді.
Сонымен қатар мүдделі пайдаланушыларды статистикалық деректерге еркін кіру рұқсатымен қамтамасыз ету үшін сыртқы және ішкі порталдар «е-Статистика» ИАЖ-дың барлық компоненттерімен өзара іс-қимылда болады.
«АЕО» РМК-да 2002 жылғы тамызда қалыптастырылған кітапхана қоры бар. Статистика комитеті, Статистика департаменті, «АЕО» РМК филиалы сияқты статистикалық жүйе қызметкерлері де, басқа жеке және заңды тұлғалар (ЖОО студенттері мен оқытушылары, талдамалық орталық қызметкерлері) да кітапхананың тұрақты келушілері болып табылады. Кітапхана қоры келесі әдебиетті қамтиды: жыл сайынғы статистикалық жинақтар, брошюралар, экономиканың барлық салалары бойынша бюллетеньдер, техникалық және әдістемелік әдебиет.
Әдебиетпен танысқысы келетіндерге: Нұр-Сұлтан қаласы Статистика депаратаментінің ғимараты, Желтоқсан көшесі, 22 (С. Сейфуллин көшесінің қиылысы), 2-қабат, 205-кабинет мекенжайы бойынша хабарласуға болады. Кітапхананың байланыс телефоны: 91-62-32 (М.Б. Жүкенова).
Кітапхананың жұмыс істеу тәртібі: жұмыс күндері сағ. 09-00-ден сағ. 18.30-ға дейін (сағ. 13.00-ден сағ. 14.30-ға дейін түскі үзіліс), сенбі және жексенбі – демалыс күндері.