халық саны

2012 жылғы қаңтар-маусым айларындағы еліміздің демографиялық ахуалы туралы Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәлімдеуі бойынша, халық саны 16793,9 мың адамды құраған. Соның ішінде қалалықтар  9187,7 мың, ауылдықтар саны — 7606,2 мың адам. Өткен жылмен салыстырғанда, 111,5 мың адамға өскен. Республика халқының табиғи өсімі 114,9 мың адам. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 13,8 адамды құрайды.
Еліміздің 2012 жылғы қаңтар-шілде айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші  2011 жылмен салыстырғанда, 103,6% -ды құрады. Биылғы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2528,7 миллиард теңге. Бұл өткен жылға қарағанда 2,7%-ға артық. Ал, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9363,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылдан 1,3 %-ға өсті. Ал, еліміздің сыртқы сауда айналымындағы өзгерістерге келсек, өткен жылмен салыстырғанда 14,2%-ға артып, 66688,1 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 46755,3 миллион АҚШ долларын, импорт 19932,8 миллион АҚШ долларын құрады.