Интернет

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасында интернет-пайдаланушылардың саны 4 есе артты. Жалпы мемлекет бойынша қазіргі күнде 100 тұрғынға 60 адамнан. Әсіресе интернет пайдалануда ең белсенділері Атырау облысы, мұнда 100 тұрғынға 79 пайдаланушы интернетті қолданады. Ең төмен белсенділікті ОҚО көрсетеді, мұнда 100 адамнан 47 пайдаланушы ғана. Ал ағымдағы рейтингте орташа позицияда Астана (63 пайдаланушы) және Алматы (66 пайдаланушылар) орын алады.