Ақтаудың бір жерінде

Сіз білесіз бе? Ақтауда көшелердің жоқтығын.Нақтырақ айтатын болсақ көшелер бар, бірақ олардың атаулары жоқ, тіпті атаулары бар көшелер мекенжайды көрсету үшін қолданылмайды. Қала толығымен 31 шағын ауданнан, 5 кешеннен, «Жылы жағажай» атындағы жағалау мен автодромнан құралады.Жалпы қалада 1378 үй бар.