Электр қуаты

Қазақстан Республикасында энергетикалық орталық Павлодар облысы болып табылатындығын көбісі біле бермейді. Елімізде барлық өндірілетін электр қуатының жартысына жуығын (45%) Павлодар облысының ЖЭС өндіреді. Сонымен қатар Қазақстанда электр қуатының 90% -дан астамын ЖЭС, ал қалған 9% ГЭС өндіретіндігін білген қызық. ГЭС өндіретін электр қуатының 70%-ы ШҚО-да өндіріледі.

Айтпақшы, Қазақстан 1 жылда өндіретін (2011ж. 86,5 млрд. кВт.с) электр қуатымен Моңғолияны (Моңғолияның 2009ж. тұтынуы — 3,439 млрд. кВт.с) 25 жыл қамтамасыз етуге болады.