Мемлекеттік Қызметтер
Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік қызметі АҚО жеке және заңды тұлғаларға "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету Ережесіне сәйкес көрсетіледі.
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі
01
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
02
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
03
Заңды тұлға төлейтін ақы мөлшері, оның алыну тәсілдері және оның алынуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда
Өтінім қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру (info@statdata.kz) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі шығаратын және (немесе) сататын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалар 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10161 нөмірімен тіркелген) бекітілген. Төлем тәсілі – ақшасыз есеп айырысу. Төлем екінші деңгейлі банктер арқылы төлем қағазының нөмірі мен шығарылған күнін көрсете отырып, төлем қағазы бойынша жүргізіледі.
04
Қызмет көрсетушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі
05
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізімі
1) 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету Ережесінің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес өтінімдер нысаны бойынша; 2) төлемді растайтын құжат (төлем туралы квитанция немесе банктің төлемді орындағаны туралы белгісі бар төлем тапсырмасы).
Өтінім үлгісіРесми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру06
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
Қызмет көрсетуші мынадай жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады: 1) сұралған статистикалық ақпарат конфиденциалды болып табылатын жағдайда және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 8-бабына сәйкес респонденттің келісімі болмаған жағдайда; 2) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 19-1-бабында белгіленген негіздер бойынша бас тарту негіздері болған жағдайда; 3) қызмет алушы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін ақы төлемеген жағдайда; 4) статистикалық ақпарат жоқ және өңдеу барысында алынбайтын жағдайда.
07
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар