Жаңалық
Қазақстан халықтарының тілдері күні
«АЕО» РМК-да «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне байланысты 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесі атап өтілді. Қазақтың қара домбырасы ойнаған күймен басталған іс-шараға жиналған кәсіорын қызметкерлерін осы мерекенің тарихымен таныстырып, тіл мен Қазақстан тарихы туралы қызықты деректер баяндалған викторинамен жалғасты. Қазақстан – бұл нағыз тілдік мозаика. Елімізде көптеген этностар мен ұлттар тұратындықтан, іс-шара мемлекеттік тілмен қатар, ресми тілді білу дәрежесін білуге бағытталған музыкалық конкурспен аяқталды. Мереке соңында белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.