Жаңалық

АЕО РМК-ны директоры тағайындалды

Қайрат Ибрагимұлы Кипатов Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығының директоры болып тағайындалды. Қазақ ұлттық техникалық университетін (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), Роберт Гордон университетін (Ұлыбритания) бітірген. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты. Ақпараттық және желілік қауіпсіздік магистрі. Еңбек жолын "Қазақтелеком" АҚ-да бастады, онда жүйелік инженер, инженер лауазымдарын атқарды. 2016 жылдан бастап "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ-да Есептеу ресурстарын дамыту бөлімінің бас маманы, инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап "Қазақтелеком" АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, онда жетекші маманнан жобаларды басқару департаментінің директоры лауазымына дейін өсті. 2021 жылдан бастап - "KAP Technology" ЖШС цифрландыру және даму департаментінің директоры - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК " АҚ еншілес ұйымы. 2023 жылдан бастап "ҚР СЖжРА ҰСБ АЕО" ШЖҚ РМК директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды