Жаңалық

«АЕО» РМК директорын марапаттау туралы

2024 жылғы 30 сәуірде «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) салтанатты іс-шара өтті, оның барысында ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының басшысы М.Қ. Тұрлыбаев Кәсіпорын директоры Е.А. Мәлімбаевқа кәсіби шеберлігі мен статистикалық қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Статистика үздігі» төсбелгісін, сондай-ақ жұмыста ең жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және ерекше маңызы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Алғыс хатын табыс етті.