Жаңалық
«Мейірімділік күні» мұқтаж отбасына қайырымдылық көмек көрсету туралы
2024 жылдан бастап Қазақстанда Наурыз мерекесі жаңа форматта өтуде, 14 наурыздан 23 наурызға дейінгі кезең Наурыз мерекесін тойлауға жаңа рух пен мән әкелуге арналған мәдени және дәстүрлі іс-шаралардың алуан түрлілігін бейнелейтін «Наурызнама» онкүндігі деп аталды.
«Наурызнама» онкүндігінің әр күні қазақстандық мәдениет пен қоғамның байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналды.
«Наурызамаға» сәйкес 15 наурыз «Қайырымдылық күні» деп аталды және қайырымдылық, мейірімділік және тату көршілікке арналған. Осыған байланысты «АЕО» РМК қызметкерлері үш баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты анадан тұратын мұқтаж отбасына қайырымдылық көмек көрсетуге бастамашылық жасады, олардың екеуі ауыр сырқатқа шалдыққан.
«АЕО» РМК үшін отбасы мүшелерінің қуанышы мен күлкісі ең маңызды алғыс болды.