Жаңалық

«АЕО» РМК-да «Ұлттық киім күніне» орай іс-шаралар өткізілді

«Наурызнаманың» онкүндігіне сәйкес 2024 жылдың 18 наурызы ұлттық қазақ костюмін дәріптеуге бағытталған «Ұлттық киім күні» болып жарияланды.

Бұл күні «АЕО» РМК-да үздік ұлттық костюмге байқау өткізілді, оның нәтижелері бойынша қызметкерлері толық құрамда қазақтың ұлттық костюмдерінде болған департаменттер таңдалды және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ең ерекше бейнелері бар жеке қызметкерлер сайланды және марапатталды.

Байқау көтеріңкі және жылы лебіз сыйлайтындай өтті және көктем мен жаңа жылдың басталуын бейнелейтін ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тамыр жайған басты мерекелердің бірі – Наурыз мерекесін тойлауға көктемгі көңіл-күй сыйлады.