Басшылық
Қипатов Қайрат Ибрагимұлы
Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-Есептеу Орталығы» ММК ЖШС кәсіпорнының директоры м.а.
1986 жылы 26 мамырда Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
2008 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша,
2015 жылы Роберт Гордон университетін, Абердин («Ақпараттық және желілік қауіпсіздік» мамандығы) бітірді.Ғылыми дәрежесі: Ақпараттық және желілік қауіпсіздік магистрі.
2009-2016 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеді, оның ішінде жүйелік инженер, инженер лауазымдарында болды;
2016 – 2017 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да есептеу ресурстарын дамыту бөлімінің бас маманы, инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді;
2017-2021 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-да әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде: бас маман, бас аналитик, қызмет басшысы, жобаларды басқару департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2021-2023 жылдары «KAP Technology» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ-ның қызметкері) ақпараттық және цифрлық даму департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-Есептеу Орталығы» ММК ЖШС орынбасары.Жанабеков Сәрсен Жангелдіұлы
Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-Есептеу Орталығы» ММК ЖШС кәсіпорнының директордың орынбасарының м.а
1989 жылы 16 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. 2012 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, 2013 жылы – «Қаржы академиясы» АҚ-ның магистратурасын бітірген. 2019 жылы Манчестер университетін (Ұлыбритания) «Master of Science in Development Economics and Policy» дәрежесімен бітірді.
2012-2013 жылдары «Индира и К» ЖШС қаржы менеджері болып жұмыс істеді.
2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ұлттық шоттар департаментінде сарапшы болып жұмыс істеді.
2017 жылдан 2020 жылға дейін макроэкономикалық болжау және модельдеу басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінде орта мерзімді макроэкономикалық саясат басқармасының басшысы болды.
2020-2021 жылдары «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ салалық талдау департаментінде бас менеджер болып жұмыс істеді.
2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты департаменті монетарлық талдау бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2022 жылы «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК-да Талдамалық шешімдерді қалыптастыру Департаментінің үлкен деректерді талдау бөлімінің data-талдаушысы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қараша айынан бастап «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Талдамалық шешімдерді қалыптастыру департаментінің директоры қызметін атқарады.
2024 жылғы 14 маусымда «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК директорының Бірінші орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Ломоносова атындағы ММУ Қазақстандық филиалында оқытушылық тәжірибесі бар, ғылыми мақалалардың авторы.Бижанова Эльмира Баракқызы
Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-Есептеу Орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директордың орынбасары
Бижанова Эльмира Баракқызы 1982 жылы 13 ақпанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Акрап ауылында дүниеге келген.
2003 жылы «Информатика» мамандығы бойынша Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген, 2017 жылы «Информатика» мамандығы бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді және «Педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілді.
2003 жылдың тамызынан 2004 жылдың наурызына дейін «Ақтөбе Мұнай және газ колледжінде» арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс істеді.
2005 жылдың қыркүйегі мен 2006 жылдың шілдесі аралығында «Экономика-заң колледжінде» бағдарламалау оқытушысы болып жұмыс істеді.
2007 жылдың шілдесінен 2007 жылдың тамызына дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Мемлекеттік органдардың АТ-бөлімшелерін құру департаменті АТ-бөлімшелерінің №4 бөлімінің жетекші маманы лауазымында жұмыс істеді.
2007 жылдың ақпанынан 2008 жылдың мамырына дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Мемлекеттік органдардың АТ-бөлімшелерін құру департаменті МО АТ-бөлімшелерінің №4 бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді.
2008 жылдың мамырынан 2009 жылдың наурызына дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да Мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерінің жұмыс істеуі жөніндегі бағдарламаның мемлекеттік органының АКТ процестерін талдау және басқару №3 тобының бюджет директоры қызметін атқарды.
2009 жылдың наурызынан 2010 жылдың қаңтарына дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да консалтингтік қызметтер көрсету бойынша бағыттағы консалтинг тобының консультанты болып жұмыс істеді.
2009 жылдың маусымынан 2010 жылдың желтоқсанына дейін «Soft Partner» ЖШС-да жоба жетекшісі болып жұмыс істеді. 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында «Soft Partner» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.
2010 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың желтоқсанына дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі АҚ жобалау орталығының бас менеджері болып жұмыс істеді.
2011 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың қаңтарына дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі АҚ АКТ саласындағы инвестициялық жобалар департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.
2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың мамырына дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі АҚ Технологиялық даму және мониторинг департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.
2014 жылдың мамырынан 2015 жылдың сәуіріне дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі АҚ АКТ саласындағы салалық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.
2015 жылдың сәуірінен 2016 жылдың сәуіріне дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі АҚ Жобалық офисінің бас менеджері болып жұмыс істеді.
2016 жылдың сәуірі мен 2017 жылдың шілдесі аралығында «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі АҚ Бағдарламаларды басқару департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.
2016 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың 1 қарашасына дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі АҚ Бағдарламаларды басқару департаментінің бағдарлама басшысы қызметін атқарды.
2016 жылдың қарашасынан 2017 жылдың ақпанына дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі АҚ Жобалық офис жобаларының бас менеджері болып жұмыс істеді.
2017 жылдың ақпанынан 2017 жылдың сәуіріне дейін «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі АҚ Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әдіснамалық даму департаментінің бас менеджері лауазымында жұмыс істеді.
2017 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуіріне дейін «Қазақтелеком» АҚФ Ақпараттық жүйелер дирекциясы бизнес-шешімдерді әзірлеу орталығының бас маманы болып жұмыс істеді.
2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін «ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының АЕО» ШЖҚ РМК Ақпараттық-статистикалық жүйелерді дамыту департаменті ұлттық санақтар бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың қарашасына дейін «ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының АЕО» ШЖҚ РМК Жобалық әкімшілендіру департаментінің жобалық менеджері болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қараша айынан бастап «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК Жобалық басқару департаментінің жоба жетекшісі қызметін атқарды.
2024 жылдың 24 шілдесінен бастап ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК директорының орынбасары қызметін атқарады.Байзаков Наурыз Айбарович
Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық-Есептеу Орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директордың орынбасары
Байзаков Наурыз Айбарович, 1992 жылы 11 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
2017 жылы «Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесін бере отырып, «Менеджмент» мамандығы бойынша Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, 2018 жылы «Экономика және бизнес магистрі» академиялық дәрежесін бере отырып, «Менеджмент» мамандығы бойынша Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірді.
2014 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың шілдесіне дейін «Ассоциация «Лидерство в развитии образования» мекемесінің жобалар әкімшісі болып жұмыс істеді.
2017 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Реттеушілік ортаны талдау орталығының сарапшысы болып жұмыс істеді.
2017 жылғы желтоқсаннан 2019 жылғы сәуірге дейін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық әзірлемелер орталығының аға сарапшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы қазанға дейін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының аға сарапшысы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының аға сарапшысы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың сәуіріне дейін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Әлемдік экономиканы зерттеудің жетекші сарапшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылдың наурызынан 2025 жылдың мамырына дейін «Көзқарас» қоғамдық қорының деректерді талдау және өңдеу бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың сәуір айынан бастап «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК-да жұмыс істеді, әртүрлі лауазымдарды атқарды: Ұлттық талдауды қалыптастыру департаменті үлкен деректерді талдау бөлімінің эконометрик-талдаушысы, талдамалық шешімдерді басқару бөлімінің бизнес-талдаушысы, үлкен деректерді талдау бөлімінің data-талдаушысы, Деректер талдамасы департаменті эксперименттік деректер және статистика бөлімінің data-сайентисті, Талдамалық шешімдерді қалыптастыру департаменті директорының орынбасары-эксперименттік деректер және статистика бөлімінің басшысы.
2025 жылғы 18 маусымнан бастап «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК директорының орынбасары қызметін атқарып жатыр.