АҚО Шағын антикоррупциялық қызметі
корпоративтік басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының антикоррупциялық заңнамасы талаптарын оның қызметкерлері сақтамауы салдарынан (материалдық және беделдік) залалдардың пайда болу қаупін басқаруға жауапты.
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетудің негізгі талаптарының тізімі
01
Антикоррупциялық саясат
АҚО коррупцияға қарсы іс-қимыл жасау бойынша белсенді жұмыс атқарады, коррупцияның барлық көріністеріне қатты қарсылық көрсету атмосферасын қалыптастыру арқылы, коррупцияны алдын алу, ескерту және анықтау бақылау функцияларын енгізу арқылы.
02
Бизнес этикасының кодексі
АҚО-да корпоративтік этика негізгі құндылықтары мен принциптерін анықтайтын Бизнес этикасының кодексі бекітілді.
03
Мүдделер қақтығысы туралы ереже
АҚО қызметкерлерінің еңбек міндеттерін атқару барысында мүдделер қақтығысын анықтау мен алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударады. Осы мақсатта АҚО қызметкерлерінің мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу тәртібін, сондай-ақ мүдделер қақтығыстарын алдын алу шараларын анықтайтын Мүдделер қақтығысы туралы ереже бекітілді.
04
Қосымша құжаттар
Жобалық басқаруды жүзеге асыру аясында - «Коррупцияға қарсы мәдениетті нығайту» бағыты бойынша Типтік Негізгі Бағыт №4 қабылданды, оның аясында АҚО басшысының бұйрығымен бекітілді:- Ішкі коррупциялық қауіптерді талдау кестесі;- 2024 жылға арналған коррупциялық қауіптерге ұшырауы мүмкін лауазымдар тізімі;- 2024 жылға арналған түсіндіру және оқыту шараларын өткізу жоспары;- 2024 жылға арналған комплаенс-қызметінің іс-шаралар жоспары.
05
Ішкі коррупциялық қауіптерді талдау
Ішкі коррупциялық қауіптерді талдау 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Коррупцияға қарсы іс-қимыл жасау туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес коррупциялық қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептерді және жағдайларды анықтау және зерттеу мақсатында жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыста АҚО 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Ішкі коррупциялық қауіптерді талдау Типтік ережелеріне және 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Ішкі коррупциялық қауіптерді талдау бойынша әдістемелік ұсыныстарға сүйенеді.
Коррупция мен алаяқтық фактілері және мүмкін болатын жағдайлар, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттер жайлы хабарлау.
ҚР АСПиР ҰК «АҚО БНС» ММК ЖШС-де коррупция мен алаяқтық фактілері және мүмкін болатын жағдайлар, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттер жайлы Комплаенс-офицерге хабарлау қажет.
Телефон: +7 (7172) 55 25 48 (вн.105)
Email: anticorruption@statdata.kz
Пошта мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Байқоңыр ауданы, Иманов көшесі, 13 үй