Құрметті респонденттер!

Егер Сізде статистикалық есептерді тапсыру мәселесі туындаса, Сізді help@statdata.kz. мекен жайы бойынша электрондық хат жіберуіңізді сұраймыз.

Хатта кәсіпорынның БСН көрсетіңіз, мәселені қысқаша сипаттаңыз, қатемен скриншотты қосыңыз.

«Электронды түрде статистикалық деректерді қабылдау» жүйесінің қолдау қызметі:  help@statdata.kz.

8-7172-552-449 (Нұр-Сұлтан қаласы үшін)

8-8000-800-878 (Қазақстан бойынша)

Жиі қоятын сұрақтарға жауаптарды оқыңызшы және оның ішінде Сіздің компьютеріңіз барлық техникалық талаптарды қанағаттандыратынына көз жеткізіңіз:

1) Онлайн режимде электрондық есепті тапсыру үшін не білу қажет.

Сіздің компьютеріңізде талап етілетін Mozilla Firefox немесе Internet Explorer браузерлері орнатылғандығына көз жеткізіңіз. Аталған браузерлерді Интернеттен келесі сілтемелер бойынша тегін жүктеп алуға және орнатуға болады:

https://www.mozilla.org/en-US/firefox/all/

http://windows.microsoft.com/ru-ru/internet-explorer/download-ie

https://www.google.com/chrome/browser/desktop/index.html

stat.gov.kz ҚР ҰЭМ Статистика комитеттің сайтында «Респонденттерге» бөлімінде ON-LINE режимде электрондық есепті тапсыруға арналған техникалық талаптармен таныса аласыздар.

2) Қате: сертификат негізінде аутентификация аяқталды.

Шешім: браузердің бабына келтірулерінде ЭЦҚ кілтінің жарамдылық мерзімін тексеру қажет.

ЭЦҚ кілтін алу

Электрондық цифрлық қолтаңбаны екі жолмен алуға болады (қалауыңызша):

  1. ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау арқылы. Бұл жағдайда да берілген өтінімді растау үшін ХҚКО бару қажет. Онлайн-өтінімді беру рәсімі төменде көрсетілген үш кезеңнен тұрады (1-қадам – Нұсқаулықты оқу және БҚ орнату, 2-қадам – онлайн-өтінімді беру, 3-қадам – онлайн-өтінімді растау және ЭЦҚ алу).
  2. ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін жақын маңында орналасқан ХҚКО барып, жеке куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ-мен тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады.

3) Жеке кабинетке кірген кезде қате шығады: бұл қосылу сенімсіз немесе сіздің қосылуыңыз қорғалмаған болып табылады.

Шешім: браузердің бабына келтіруіне негізгі сертификаттарды орнату қажет.

Негізгі сертификаттарды орнату

Егер Сіз жұмыс үшін Mozilla Firefox браузерін пайдалануды жоспарласаңыз, онда Сізге сертификаттарды сенімді сақтау орнына негізгі тіркелімдік куәліктерді қосымша орнату қажет.

Mozilla Firefox браузеріне ҚР негізгі тіркелімдік куәліктерін орнату үшін www.pki.gov.kz басты бетін ашыңыз – «Негізгі сертификаттар» бөлімінде «pki_rsa», «pki_gost» және «root_rsa», «root_gost» сілтемесін басыңыз. Пайда болған терезеде барлық қанатшаларды қойып, «OK» түймесін басыңыз.

Негізгі сертификаттарды орнату бойынша толық ақпартты мына жерден жүктей аласыз.

4) Есептілік күнтізбесін қалай қарап шығуға болады.

Статистикалық есептілікті тапсыру күнтізбесін қарап шығу үшін жеке кабинетке кіру және «Күнтізбе» бөлімшесіне өту қажет. Күнтізбе статистикалық нысандар тізбесін және оларды статистика органдарына ұсыну мерзімін қарап шығуға мүмкіндік береді. Күнтізбеде нақты күнге басып, аталған тізбені көруге болады. Онлайн режимде есептілікті тапсыру жүйесіне өту үшін нысанды тауып, «Есептілікті қалыптастыру» командасын басу қажет. Содан кейін жаңа браузердің қосымша бетінде «онлайн» режимде есептілікті қабылдау бойынша жүйе ашылады.

5) Нысанды ашқан кезде қате шығады: жүйе кәсіпорынды сәйкестендіре алмайды.

Шешім: тіркелу орны бойынша аумақтық органға жүгіну қажет.

Мүмкін аумақтық орган аталған кәсіпорынды сізге тапсыру қажет болып табылатын нысан бойынша каталогқа енгізбеген. Сондықтан сізге тіркелген мекенжай бойынша аумақтық органға жүгіну қажет.

Статистика комитетінің аумақтық бөлімшелерінің байланыс нөмірлерін мына жерден қарауға болады.

6) Алдыңғы кезеңдерге статистикалық есептілікті қалай басып шығаруға болады.

Алдыңғы кезеңдерге электрондық түрде енгізілген алғашқы статистикалық деректерді қарап шығу және басуға шығару үшін Комитет сайтының басты бетіндегі «Респонденттерге» бөліміне кіру қажет. Бұдан әрі «Статистикалық деректерді электрондық түрде қабылдау» бөлімін таңдау қажет. «Статистикалық деректерді электрондық түрде қабылдау» бөлімін таңдағаннан кейін «Электрондық есептілікті тапсыру үшін нысандар» атаулы бөлімге кіру қажет. Аталған бөлімде кезеңділік бойынша статистикалық нысандардың тізімі бар. Мұнда қызықтырған нысанда алдыңғы есепті кезеңді таңдап, «Ашу» түймесін басу қажет. Бұдан әрі кәсіпорынды растау өрісі пайда болады және «Жаңа есеп» және «№1 есеп» өрістерін таңдау, алдыңғы есепті таңдау үшін «№1 есеп» таңдау қажет.

Егжей-тегжей нұсқаулықты сіз мына жерден жүктеп алуыңызға болады («Алдыңғы кезеңдерге статистикалық есептілікті басып шығару» құжатына сілтеме)

7) Статистикалық нысандарды толтыру бойынша сұрақтар

Тіркелу орны бойынша аумақтық органға жүгіну қажет.

Статистика комитетінің аумақтық бөлімшелерінің байланыс нөмірлерін мына жерден қарауға болады.