«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 

1 Көрсетілетін қызметті тұтынушылар Мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық және қағаз форматында біржолғы өтініш беру арқылы жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі
2 Көрсетілетін қызметті беру орны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша филиалдары (мекенжайлар)
3 Көрсетілетін қызметті беру тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
– «электрондық үкімет» порталына;
– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына;
– «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және оның облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша филиалдарына жүгінеді.
4 Қажетті құжаттар Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) портал арқылы:
электрондық сұрау салу;
төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).
2) Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы (жеке басты куәландыратын құжат бойынша, өкілеттікті растайтын құжат бойынша немесе сенімхат бойынша):
осы Стандарттың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өтініштер;
төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).
5 Көрсетілетін қызмет құны және төлеу тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі. Төлем тәсілі – қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банк арқылы төлемге берілген шотқа сәйкес жүргізіледі.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау берілген жағдайда төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем кезінде көрсетілетін қызметті алушының төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін төлем тапсырмасында көрсету талап етіледі.
6 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы көрсеткен жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру графигі жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
7 Қызмет көрсету мерзімдері 1) Портал, Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік 11 (он бір) күн;
2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияда немесе көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініштерді қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті

Бағаларды орналастыру туралы бұйрық

Өтініш нысаны

Инфографика

Аталған қызмет «электрондық үкімет» – egov.kz веб-порталында ЭЦҚ көмегімен (Электрондық-цифрлық қолтаңба) онлайн тапсырыс беруге қолжетімді. Егер ЭЦҚ жоқ болған жағдайда Сіз «Өтініш нысанын» толтырып және сканерленген нұсқасын info@statdata.kz жолдауыңыз қажет.

Өтініш

Осы мәлімдемеге қосымшаға сәйкес статистикалық ақпаратты ұсынуыңызды өтінеміз

 

Жеке және/немесе заңды тұлға деректемелері:

Телефон

Электрондық мекенжай

ЖІБЕРУ ҮШІН ФАЙЛДЫҢ АТАУЫН ЛАТЫН НЕМЕСЕ САНДАРМЕН КӨРСЕТУ ҚАЖЕТ! Мысалы: zayavlenie.doc немесе 123.pdf

Жіберу үшін файлды қосыңыз (jpeg, jpg, pdf, doc, docx, ppt, pptx, odt, xls, xlsx)

Жіберу үшін файлды қосыңыз (jpeg, jpg, pdf, doc, docx, ppt, pptx, odt, xls, xlsx) файлды жою

Жіберу үшін файлды қосыңыз (jpeg, jpg, pdf, doc, docx, ppt, pptx, odt, xls, xlsx) файлды жою

Жіберу үшін файлды қосыңыз (jpeg, jpg, pdf, doc, docx, ppt, pptx, odt, xls, xlsx) файлды жою

Жіберу үшін файлды қосыңыз (jpeg, jpg, pdf, doc, docx, ppt, pptx, odt, xls, xlsx) файлды жою

Файлды қосу
 

 (шарттармен таныстым) Шарттар және ережелер

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша : 8 (727) 331-27-15 телефонына жүгінуге болады.

Қолдау қызметі: Help@statdata.kz