«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
паспорты

 

1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру»
2 Көрсетілетін қызметті беруші «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК және оның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы, облыстардағы филиалдары
3 Көрсетілетін қызметті тұтынушылар Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі
4 Көрсетілетін қызметтің нысаны электрондық/қағаз.
5 Көрсетілетін қызметті ұсыну орны «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК және оның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы, облыстардағы филиалдары (мекенжайлар)
6 Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
– «электрондық үкімет» порталына;
– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына;
– «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» ШЖҚ РМК және оның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы, облыстардағы филиалдарына жүгінеді.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушы өтінішті беру арқылы ұсынылады. Мекенжайлар мен телефондар бойынша құжаттарды дұрыс толтыру жөнінде консультация алуға мүмкіндігі бар.
7 Қажетті құжаттар Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) портал арқылы:

электрондық сұрау;

төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек және төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).

2) Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы (жеке басты куәландыратын құжат бойынша; өкілеттікті растайтын құжат бойынша немесе сенімхат бойынша):

осы Стандартқа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініштер;

төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек және төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).

8 Көрсетілетін қызметтің құны

 

Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша прейскурант Министрліктің www.economy.gov.kz., Министрліктің Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

Төлем тәсілі – қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем “электрондық үкіметтің” төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банк арқылы төлемге берілген шотқа сәйкес жүргізіледі.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау берілген жағдайда төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем кезінде көрсетілетін қызметті алушының төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін төлем тапсырмасында көрсету талап етіледі.

9 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

2) мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы көрсеткен жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру графигі жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

10 Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі 1) Портал, Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік 11 (он бір) күн;

2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияда немесе көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде өтініштерді қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

11 Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес статистикалық ақпаратты беру туралы хабарлама;

осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатыны туралы хабарлама.

Мемлекеттік корпорация немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы:

ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қағаз жеткізгіште беру;

осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес статистикалық ақпаратты электрондық форматта беру туралы хабарлама;

осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатыны туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламенті

Бағаларды орналастыру туралы бұйрық

Өтініш нысаны

Инфографика

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы №77 бұйрығымен бекітілді (02.09.2019 ж. №19322 ҚР ӘМ-де тіркелді).

Аталған қызмет «электрондық үкімет»- egov.kz. веб-порталында онлайн тапсырыс беруге қолжетімді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша : 8 (727) 331-27-15 телефонына жүгінуге болады.

«ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 және 26 -баптарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға өтеулі негізде шарт жасау арқылы статистикалық ақпаратты береді.

Қолдау қызметі: Help@statdata.kz.