қаз   рус  
2012 жылғы қаңтар-маусым айларындағы еліміздің демографиялық ахуалы туралы Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәлімдеуі бойынша, халық саны 16793,9 мың адамды құраған. Соның ішінде қалалықтар  9187,7 мың, ауылдықтар саны – 7606,2 мың адам. Өткен жылмен салыстырғанда, 111,5 мың адамға өскен. Республика халқының табиғи өсімі 114,9 мың адам. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 13,8 адамды құрайды.
Еліміздің 2012 жылғы қаңтар-шілде айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші  2011 жылмен салыстырғанда, 103,6% -ды құрады. Биылғы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2528,7 миллиард теңге. Бұл өткен жылға қарағанда 2,7%-ға артық. Ал, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9363,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылдан 1,3 %-ға өсті. Ал, еліміздің сыртқы сауда айналымындағы өзгерістерге келсек, өткен жылмен салыстырғанда 14,2%-ға артып, 66688,1 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 46755,3 миллион АҚШ долларын, импорт 19932,8 миллион АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-талдамалық жүйесі
ON-LINE ЕСЕПТЕР
e-history.kz
e-history.kz
dkz.mzsr.gov.kz

e-history.kz