1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң1997 жылғы 12 қарашадағы № 1552 қаулысына сәйкес құрылды.

Пайдаланушыларға жедел және сенімді қызмет көрсету үшін бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйесін жетілдіру, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу кәсіпорынның негізі міндеті болып табылады.

2. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңы, «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 наурыздағы №112-IV Заңы кәсіпорынның құқықтық негізі болып табылады.