Мұрағат жарнамалар

ИТ-талдаушы, Техникалық жазушы, Жоба менеджері

Қажет етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл

Толық жұмыспен қамту, толық күн

Міндеттері:

  • жобаның пәндік саласын талдау;
  • ақпараттық-статистикалық жүйелерді құру және дамыту үшін автоматтандыру объектісін зерттеу;
  • тапсырыс берушімен талаптарды жинау, формализациялау және келісу (әзірлеушілер үшін міндеттер қойылымын әзірлеу);
  • ақпаратты жинау, бизнес-процестерді сипаттау және модельдеу;
  • автоматтандырылған жүйелердің функционалдық модульдерін талдау;
  • МЕМСТ-тер мен халықаралық стандартқа сәйкес ақпараттық-статистикалық жүйелерді құру және дамытуға жобалық-техникалық құжаттаманы әзірлеу (техникалық тапсырма, бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сипаттамасы, пайдаланушы нұсқаулығы және әкімші нұсқаулығы, т.б.).

Талаптары:

  • тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жоғары техникалық және кәсіптік білім және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кем дегенде 2 жыл;
  • бизнес-талдаушы, жүйелік талдаушы, жоба менеджері болып жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан бастап;
  • технологиялық бизнес-процесті әзірлеу және сипаттау тәжірибесі;
  • ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға жобалық-техникалық құжаттаманы әзірлеу тәжірибесі;
  • мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін автоматтандыруда жұмыс тәжірибесі;
  • Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласында заңнамалық базаның негіздерін білу;
  • Oracle PL/SQL, UML базалық дағдылары;
  • MS Office, PowerPoint, Visio;
  • Тапсырыс берушімен келіссөздер жүргізе алу;
  • аналитикалық ойлау қабілеті, ойлау жасампаздығы.

Жалақы  – 250 000 теңгеден бастап.

Негізгі дағдылар

Жүйелік талдау, талаптарды формализациялау, міндеттер қойылымын әзірлеу, топтық жұмыс, техникалық жазушы


Java Developer/Әзірлеуші/ Бағдарламашы

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл

Толық жұмыспен қамту, толық күн

Міндеттері:

  • Ақпараттық-статистикалық жүйелердің қосымшаларын әзірлеуге қатысады;
  • оның қатысуы болжанатын міндеттерді жоспарлауға қатысады;
  • жобаларды іске асыру жоспар-кестесіне сәйкес белгіленген мерзімде жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • техно-жұмыс құжаттамасын дайындауға (бағдарламалық кодты, деректер қоры құрылымын, технологиялар және өзгелерді сипаттауға) қатысады;
  • стандартты қолданбалы бағдарламалық пакеттерді оқиды және пайдаланады;
  • бөлім басшысына атқарылған жұмыс туралы есеп береді.

Талаптар:

  • жоғарғы, толық емес жоғары немесе арнаулы орта білім;
  • Java-әзірлеуші болып 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
  • келесілерде жұмыс өтілі:
  • JavaEE;
    Spring Framework;
    Oracle, MongoDB;
  •  Tomcat;
    JavaScript, ReactJS, ExtJS.

Шарттары:

  • Сұхбаттасу қорытындысы бойынша ізденушінің кәсіби және дербес сипаттамасымен және кәсіпорында қабылданған еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес лауазымдық айлықақы белгіленеді;
  • Тұрақты жалақы, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа рәсімдеу;
  • 5 күндік жұмыс аптасы, 8 сағаттық жұмыс күні.


Android-қа арналған мобильдік қосымшасының әзірлеушісі

Талап етілетін жұмыс тәжірибиесі: 1–3 жыл

Толық жұмыспен қамту, толық күн

Міндеттері:

  • ақпараттық-статистикалық жүйелердің мобилдік қосымшаларын әзірлеуге қатысады;
  • оның қатысуы болжанатын міндеттерді жоспарлауға қатысады;
  • жобаларды іске асыру жоспар-кестесіне сәйкес белгіленген мерзімде жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • техно-жұмыс құжаттамасын дайындауға (бағдарламалық кодты, деректер қоры құрылымын, технологиялар және өзгелерді сипаттауға) қатысады;
  • бөлім басшысына атқарылған жұмыс туралы есеп береді.

Талаптары:

  • жоғарғы, толық емес жоғары немесе арнаулы орта білім;
  • Android – әзірлеуші болып 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі;
  • Java, Andriod SDK, UI/UX Design, Realm Database, Git, Rest API, Support library, Material Design, Push notification Json (Jackson, Gson) технологияларымен жұмыс тәжірибиесі;
  • Android-қа мобильдік қосымшаларды әзірлеу саласында сертификат (абзал).

Шарттар:

  • Сұхбаттасу қорытындысы бойынша ізденушінің кәсіби және дербес сипаттамасымен және кәсіпорында қабылданған еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес лауазымдық айлықақы белгіленеді;
  • Тұрақты жалақы, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа рәсімдеу;
  • 5күндік жұмыс аптасы, 8 сағаттық жұмыс күні.

 Негізгі дағдылар

  • Material Design  JavaRealm Database Git Support library UI/UX Design Pushnotification Json Android