«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы №1552 қаулысын орындау барысында құрылды. АЕО басты мақсаты – заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып статистикалық ақпаратты автоматтандырылған жинау, өндеу, сақтау және тарату.

АЕО ақпараттық-есептеу қызметін көрсету саласында ең ірі кәсіпорын болып саналады, корпоративті және сыртқы желілерге біріктірілген жоғары өнімді серверлер және компьютерлермен қамтылған.

АЕО РМК-ның Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі ММЖК рұқсатының негізінде құрылған 17 филиалы бар.

Республикалық деңгейдегі филиалдың мамандары статистиканың келесі салалары бойынша алғашқы статистикалық деректерді өндеу, республикалық деңгейде жарияланымдарды шығаруға дайындау бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауды және статистика ақпаратын пайдаланушылардың жеке сұраныстарын қамтамасыз етеді:

– қаржы – кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы, шағын кәсіпорындардың қызметі туралы, кәсіпорындардың микрокредиттік қызметі туралы, негізгі қорлардың бар болуы туралы және т. б.;

құрылыс және инвестиция– құрылыс жұмыстарын орындау және объектілерді пайдалануға енгізу туралы, инвестициялық қызмет туралы және т.б.;

ауыл шаруашылық, орман және балық шаруашылығы– ауыл шаруашылық өнімнің жалпы жиналуы, мал шаруашылығы өнімін шығару, орман шаруашылығы, аңшылық шаруашылығы туралы және т. б.;

халықтың тұрмыс деңгейі– үй шаруашылықтарының әлеуметтік демографиялық сипаттамалары туралы, халықтың шығындары мен табыстары, үй шаруашылықтарында азық-түлікті тұтыну туралы және т. б.;

–  өнеркәсіп– өнеркәсіп жұмысының негізгі көрсеткіштері, физикалық көлемнің индекстері туралы, өндірістік қуаттарының теңгерімі туралы және т. б.;

энергетика және қоршаған орта– электрбаланс туралы, атмосфералық ауаны қорғау жағдайы туралы, коммуналды қалдықтарды жинау, шығару, іріктеу және сақтау туралы және т. б.;

ішкі сауда – тауарлар мен қызметтерді іске асыру көлемі туралы, сауда нарықтарының қызметі туралы, тауар биржаларының қызметі туралы, жанармай құятын және газ құятын станцияларының қызметі туралы және т. б.;

өзара сауда және тауар нарықтары– кеден одағының мемлекет-мүшелерімен тауар түрлері бойынша табиғи және құндық түріндегі экспорт және импорт туралы (2011 жылдың шілде айынан бастап);

көлік және байланыс– жүктерді тасымалдау туралы, жолаушыларды тасымалдау туралы, жолаушылардың жүк айналымы туралы, жүктерді және жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер туралы, байланыс қызметтерінен кірістер туралы, байланыс құралдарының бар болуы туралы және т. б.;

инновация және туризм– ғылыми-техникалық қызмет туралы, кәсіпорындардың инновациялық қызметі туралы, туризм мен қонақ үй шаруашылығын дамыту туралы және т. б.;

қызметтер– көрестілген қызметтер көлемі туралы, мәдениет объектілерінің қызметі туралы және т. б.;

демография– әкімшілік-аймақтық бірліктер туралы, халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы туралы, туылу туралы, өлім туралы, көші-қон туралы, неке туралы, ажырасу туралы және т. б.;

әлеуметтік сала– білім беру ұйымдарымен көрсеткен қызметтер көлемі туралы, денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтер көлемі және әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы, жоғары оқу орындары туралы, ЖОО-дан кейінгі білім туралы және т. б.;

–  халықтың жұмысбастылығы және еңбекақыны төлеу– еңбек бойынша негізгі көрсеткіштер туралы, орташа айлық номиналды еңбекақының индексi туралы, экономикалық қызметтің басқа түрлері бойынша еңбектің зиянды және басқа да қолайсыз жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны туралы және т.б.;

бағалар– тұтыну бағалар индексі туралы, бөлшек сауда бағаларының индекстері туралы, басқа ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер туралы, негізгі тағамдық емес тауарлардың бөлшек сауда бағалары туралы, тұрғын үй нарығындағы бағалар туралы және т. б.;

Жоғарыда аталған жұмыстар халықаралық стандарттар, ақпаратты статистикалық жіктеу және кодтау статистикалық жүйесі, статистиканың ақпараттық ресурстарын беру нысандары негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар ақпараттық қызметтерді ұсыну және статистиканың ақпараттық өнімдер нарығын дамыту бойынша механизмдерді дамыту, орталық экономикалық органдардың, басқарудың салалық және өңірлік жүйелерімен статистикалық ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК құрылған күннен бастап ақпараттық технологиялардың екпінді өзгерістерден қалмай, қарқынды дамуда.Бірнеше жылдар ішінде аппараттық тұғырнамалардың және ДҚБЖ ауыстырылды, желілер едәуір кеңейтілді, статистика ақпараттық жүйесінің қайта құрылуы тұрақты жүргізілді, сонымен қатар статистикалық үрдістері үздіксіз тиімді орындалуы жалғастыра берді.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің АЕО» РМК мамандары заманауи ақпараттық технологияларды енгізу арқасында 2010 жылдан бастап көлемі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті және оның аймақтық органдарының кешенді автоматтандыруын сипаттайтын «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі жасалды.

«е-Статистика» жобасының шеңберінде респонденттерге жүктемені азайту мақсатында 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап «Деректерді оn-line режимде жинау» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Қазіргі уақытта жүйе жұмысы іске қосылды және статистиканың 124 нысаны бойынша қабылдау жүргізеді.

«е-Статистика» ИАЖ енгізу нәтижесінде Жүйенің ішкі, сонымен қатар сыртқы пайдаланушыларының саны бірталай көбейді.

Сонымен қатар мүдделі пайдаланушыларды статистикалық деректерге еркін кіру рұқсатымен қамтамасыз ету үшін  сыртқы және ішкі порталдар «е-Статистика» ИАЖ-дың барлық компоненттерімен өзара іс-қимылда болады.