қаз   рус  

Қызықты сандар

Бос уақыт

Қазақстан Республикасында ресми түрде бір жылда 16 мерекелі күн бар, бұл күндер күнтізбенің қызыл кундері болып табылады. Сәйкесінше егер мерекелі және демалыс (сенбі, жексенбі) күндерді қосатын болсақ,еңбек демалыстарын есептемегенде Қазақстанда жұмыспен қамтылған халықтың бос уақыттың күнтізбелік қоры бір жылда 120 күнді құрайды.

Жайылым

ҚР жалпы жайылымның көлемін (1 811 424 ш.м) Еуропалық одақтың жеті мемлекетін біріктіріп жалпы көлеммен салыстыруға болады, бұл: Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Португалия, Бельгия және Нидерланды (көрсетілген мемлекеттердің жалпы көлемі 1 812 328 ш.м құрайды). Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорының тек босалқы жерлер 1 081 719 ш.м құрайды – бұл көлем жер жетіспейтін Жапонияның үш аумағына тең. Жапония әлемдегі халық тығыз орналасқан елдердің қатарында.

Шарап

2012 жылғы жүзімнің жалпы өнімі(71 690 мың. кг), бұл өнімнен 35 845 мың. литр шарап дайындауға болады және орташа көлемдегі(200 л.) 179 225 шарап бөшкелеріне және 0,75 л көлемдегі 47 793 333 бөтелкелерге құйылады.Классикалық технологиялар арқылы шырынды шығару шамамен 1-ге 2, яғни 1 кг жүзімнен 0,5 литр шырын алынады.

Жанармай

2011 жылы Қазақстан Республикасында 2 775 400 тонна бензин өндірілді, бұл 3 700 533 333,3 литрге тең. Бұл жанармай жеңіл автокөліктің 100 км/сағ жылдамдықпен (100 км 12 литр шығыс кезінде) 30 837 777 777,7 км жүріп өтуіне жеткілікті болушы еді, бұл арақашықтықты 308 377 777,7 сағатта жүріп өтуге болады, бұл 35 203 жылдарға тең. Мұндай уақыт үшін шығыстарда Жердің шеңбері 769 502 рет айналдыруға болады.

Жұмыртқалар

Жылдық жұмыртқа өндіруден (2011 жылы Қазақстанда 3 718,5 млн. дана өндіріледі)1 859 250 000 порция омлет жасауға және таңертеңгі аспен 3 құрлықты тамақтандыруға болады: Африканы (халық саны 1 032 532 974 адам), Солтүстік Американы (халық саны 500 000 000 адам) және Оңтүстік Американы (халық саны 385 742 554 адам). Мемлекеттер бойынша халық: Wikipedia деректері омлетті дайындау: 2 дана жұмыртқа = 1 порция.

Жолдар

Қазақстанда автокөлік жолдардың жалпы ұзақтығы (2012 жылдың басында елді мекендер арасында қатынас жолдардың жалпы жолдардың ұзақтығы 86 217 км) қатты жабынды бар Жердің екі шеңберін құрайды (экватор бойынша Жердің шеңбері 40 мың.км).

Депозиттер

2011 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында барлық депозиттің түрлері бойынша (заңды және жеке тұлғалардың) салымдары шамамен 56 млрд. АҚШ долларды (55 907 569 000$ – 8 трлн. 385 369 000 000 теңгені) құрайтын. Бұл сомма 2012 жылғы 56 907 569 000 АҚШ долларды құраған Жапонияның жиынтықталған қорғаныстық бюджетімен салыстырылады. Жапония әлемде әскери шығыстар бойынша 6-ншы орынды алады.

Егістік алаңы

Қазақстан Республикасы бойынша жалпы жыл сайынғы ауылшаруашылық дақылдардың егістік алаңы (214,9 мың. ш.км) Латвияның (64,6 мың. ш. км), Эстония (45,2) және Дания (43,09)жиынтықталған аумағының көлемінетең. Сондай-ақ бұл алаңды Австрия (83,8), Швейцария (41,2) және Венгрия (93,0) аумақтарын біріктіріп салыстыруға болады. Егер егілетін бидайдың алаңын (138,4) бөлек алатын болсақ, онда ол Греция (131,9 мың. ш. км) аумағынан артық болады.

автокөліктердің саны

Сіз білесіз бе? Қазақстан және Орта Азия аумағында автокөліктердің саны бойынша ең ірі Алматы қаласының 2-нші автомобиль паркі  болып саналады. 500 такси машиналардан астам.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-талдамалық жүйесі
ON-LINE ЕСЕПТЕР
e-history.kz
e-history.kz
dkz.mzsr.gov.kz

e-history.kz