қаз   рус  

Қызықты сандар

Интернет

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасында интернет-пайдаланушылардың саны 4 есе артты. Жалпы мемлекет бойынша қазіргі күнде 100 тұрғынға 60 адамнан. Әсіресе интернет пайдалануда ең белсенділері Атырау облысы, мұнда 100 тұрғынға 79 пайдаланушы интернетті қолданады. Ең төмен белсенділікті ОҚО көрсетеді, мұнда 100 адамнан 47 пайдаланушы ғана. Ал ағымдағы рейтингте орташа позицияда Астана (63 пайдаланушы) және Алматы (66 пайдаланушылар) орын алады.

Танымал фамилиялар

Қазақстанда ең танымал Ахметов/а тегі- бұл текті иеленуші 73 мың адам. Сан бойынша Оспанов/а тегі екінші орынды алады – бұл текті иеленуші 49 мың адам. Танымалдылықтың үшінші сатысын Омаров/а тегі орын алды – бұл текті иеленуші 45 мың адам. Қызықты факт: біздің мемлекетте төртінші орынды ең көбі Ким тегі орын алады – 37 мың адам.

Ақтаудың бір жерінде

Сіз білесіз бе? Ақтауда көшелердің жоқтығын.Нақтырақ айтатын болсақ көшелер бар, бірақ олардың атаулары жоқ, тіпті атаулары бар көшелер мекенжайды көрсету үшін қолданылмайды. Қала толығымен 31 шағын ауданнан, 5 кешеннен, «Жылы жағажай» атындағы жағалау мен автодромнан құралады.Жалпы қалада 1378 үй бар.

Рөлде атыраулықтар

Сіз білесіз бе? Қазақстан жолдарындағы әр 37-ші жеңіл автокөлік жаңа (автокөліктің шыққан жылы 3 жылдан артық емес). Бірақ өңірлер кесіндісінде Атырау облысының автокөлік иелері жаңа автокөлікті иелену бойынша 1-нші орында – әрбір 10-ы. Екінші орында Манғыстау облысы, мұнда әрбір 16-шы жаңа көліктің иегері. Салыстыру үшін елорда Астанада әрбір 18-нші автокөлік жаңа, ал ірі қала Алматыда әрбір 32-нші автокөлік жаңа.

Жалпы ҚР бойынша шығарылған жылдар бойынша жеңіл автокөліктер:

80% – 10 жылдан артық;
7% – 7 жылдан – 10 жылға дейін;
10% – 3 жылдан 7 жылға дейін;
3% – 3 жылға дейін.

Қайда? Қарағандыда

Ал сіз белесіз бе? Қарағанды облысы Қазақстанда қалаларының көптігі бойынша ең үлкені. Оның құрамына 11 қала кіреді.

Ең қызығы, Қарағанды қаласы көлемі жағынан ең үлкен емес, тек 5-ші орында. Қарағанды облысының көлемі бойынша ең үлкен қаласы Қарағанды қаласынан 25 есе үлкен. Сонымен қатар, Қазақстанда шет жақта болғанына қарамастан ең үлкен қала– Семей екенін білген қызық. Қаланың өзіне қарайтын ауылдық округтерін қосқанда көлемі барлық қалалардың – Астана және Алматы қалаларының аумағын қосқанда облыс орталықтарынан 3 есе артық.

Оқу залы

Қазақстан Республикасының оқу залдарына (36 745 орын) Лихтенштейннің (36 476 адам) барлық тұрғындарын отырғызуға болады.

Жүк тасымалы

Біздің еліміздің географиялық орналасуы Еуразия орталығы болып табылады және еуроазиялық дәлізді қалыптастыруда зор транзит әлеуетін анықтайды. 2012 жылы Қазақстан бойынша автокөлік көлігімен жүк тасымалы ТМД бойынша (4978,8 млн. тонна) тиісті көлікпен барлық тасымалданған жүктің 55% (2718,1 млн. тонна) құрады.

Электр қуаты

Қазақстан Республикасында энергетикалық орталық Павлодар облысы болып табылатындығын көбісі біле бермейді. Елімізде барлық өндірілетін электр қуатының жартысына жуығын (45%) Павлодар облысының ЖЭС өндіреді. Сонымен қатар Қазақстанда электр қуатының 90% -дан астамын ЖЭС, ал қалған 9% ГЭС өндіретіндігін білген қызық. ГЭС өндіретін электр қуатының 70%-ы ШҚО-да өндіріледі.

Айтпақшы, Қазақстан 1 жылда өндіретін (2011ж. 86,5 млрд. кВт.с) электр қуатымен Моңғолияны (Моңғолияның 2009ж. тұтынуы – 3,439 млрд. кВт.с) 25 жыл қамтамасыз етуге болады.

Ет

Қазақстанда күн сайын шамамен 6300 бас ІҚМ, 23500 бас қой мен ешкі, 1344 бас жылқы, 7800 бас шошқа, 74 бас түйе желінеді.

2012 жылы сойылды (бас):
ІҚМ – 2 285 091;
қой – 7 307 315;
ешкі – 1 260 689;
жылқы – 490 723;
шошқа – 2 855 323;
түйе – 26 988.
(Экспорт көлемі есепке алынбаған, себебі оның үлесі ет өндіру жалпы көлемінің 1% -нан кем көлемді құрайды).

9 мамыр – Жеңіс күні

Бұл күні 57 000 – нан астам қазақстандық туған күнін тойлайды. Олардың ішінде ең көп тараған есім – осы күнге ұқсас есімдер. Ең танымал есім – Жеңіс (бек, бай, күл, гүл және т.б.) – біздің еліміздің 6 445 тұрғыны дәл осы атпен туылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында Жеңіс күні Виктор және Виктория есімді 1000 адам, Победа – 13 адам (олардың ішінде 32-сі: Победай, Победин, Победакүл және Победахан) туылды. Мұны білген қызық, осы күні туылған 458 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың, сонымен қатар 186 адам Кеңес Одағының Батыры, панфиловшы, жазушы Бауыржан Момышұлының есімімен аталыпты.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-талдамалық жүйесі
ON-LINE ЕСЕПТЕР
e-history.kz
e-history.kz
dkz.mzsr.gov.kz

e-history.kz