қаз   рус  

Қызықты сандар

Вагондар және локомотивтер

Егер Қазақстан Республикасында барлық жылжымалы темір жол құрамын біріктіретін болсақ (вагондар және локомотивтер), онда оның ұзақтығы шамамен Астанадан Ташкентке дейін арақашықтықты құрайтын болады (1 376 км).

Еліміздегі темекі тарту

Денсаулық сақтау министрілігі ескертеді, ал біз сіздерге 2012 жылы Қазақстанда 30 111,2 млн. темекі және 1 505 560 мың. қорап папирос өткізілді. Егер даналап темекіні тізбектеп орналастырсақ, онда біз жылына 2,5 млн темекіні шегеміз. Бұл тұтыну көлемін есептегенде Қазақстанда күніне 7000 км немесе 82,5 тонна темекі тартылады (фильтірі бар темекінің орташа ұзындығы 84 мм. салмағы 1 гр.). Ал пайдаланылған темекі қораптарынан көлемі бойынша Қазақстанның қонақүйлермен салыстырылатын (жалпы алаңы44887,5 ш.м, ғимараттың биіктігі 102 м 25 қабатты) ғимарат салуға болады.

Цирк

Қазақстанда жеті цирк бар. Шамамен 144 мың адам жылына бір рет цирктерге барады. Оның ішінде 102 мың. адам бала. Сөйтіп, есептегенде циркке 5 баланы 2 ересек адам апарады. Сонымен қатар жылына екі миллион көрермен театрға баратындарытуралы білу қызық.

Орман қоры

ҚР жерлерінің орман қоры 230 282 ш.км құрайды. Бұл алаң Оңтүстік және Солтүстік Корея аумағынан асады (219 020 ш. км). Бірақ 2006 жылмен салыстырғанда алаң 400 000 га (4000 ш.км) қысқарды.

Гамбургер

Қазақстанда 2011 жылы мал мен құстардың барлық түрлерінен 939,4 мың.тонна ет өндірілді. Бұл көлемнен 4 697 млн гамбургер дайындауға болады. Егер ҚХР барлық тұрғындарына бөлетін болсақ (1 355 760 000 адам), онда біз адам басына 3,5 гамбургер аламыз.

Елдер бойынша тұрғындар: Wikipedia мәліметтер бойынша 1 кг етке = гамбургерлердің 5 порциясыесебіненгамбургерлер дайындалады.

Трамвай паркі

ҚР Павлодар қаласында трамвай паркінің жылжымалы құрамы Алматы қаласына қарағанда 4,5 есе жоғары, бұл 115 вагон26 вагонға. Қазақстан бойынша Алматы қаласында ең кіші трамвайлық парк орналасқан: Қарағанды vs Алматы: 48:26, ШҚО vs Алматы 42:26. Ең ірі мегаполис Алматы қаласы қос жолтабанды есептеуде трамвай жолдарын пайдалануда Павлодарға орын береді: 31,6 км 44,6 км-ға. Яғни, Алматы жолдарының ұзындығы Павлодар жолдарының ұзындығына қарағанда 13 км кем.

Қазіргі күні Қазақстанда барлығы 193 троллейбус, бұл 1991 жылға қарағанда 4,5 есе кем.231 трамвай – бұл 20 жыл бұрынғыдан 2 есе кем.

Бидай өнімнің жылдық жинауы

2011 жыл үшін бидай астығының жылдық егін жинауы (22 732,1 мың тонна, 30309467 куб.м – бидайдың орташа алғанда натурасы 750 гр/л) 312 м. болатын, куб мөлшері бар  бір қоймаға орналасушы еді, 20 Хан шатырының көлемімен салыстыруға болады (Хан шатырының көлемі 1,5 млн. куб м.)

Керамикалық кірпіш

2011 жылы Қазақстанда барлығы 850 мың текше метр керамикалық кірпіш өндірілді. Ұлы Қытай қабырғасын салу үшін материал өндіруге 260 жылдай уақыт қажет болар еді.

Қабырғаның кірпіш қалауының ұзындығы 6 260 км. құрайды.

Пошталық және курьерлік қызмет

Пошталық және курьерлік қызметтің жылдық кірісі мобильді байланыс кірісінің 19 күн 11 сағат 46 минутына тең.

Пошталық және курьерлік қызметтің 2011 ж. қаңтардан-желтоқсанға дейінгі кірісі  16 087,4 млн. тңг. немесе 107 249 333 АҚШ долл.

Мобильді байланыс қызметінің 2011 ж қаңтардан-желтоқсанға дейінгі кіріс 301 271,5 млн. тңг. – 2 008 476 666 АҚШ долл. Егер 1 жылда 525 600 минут бар деп есептесек, онда мобильді байланыстан 1 минутта 3821 долл. кіріс түседі екен. Сәйкесінше пошталық және курьерлік қызметтің жылдық кірісін 19 күн 11 сағат 46 минутта-ақ жинайды екен.

Көмір өндіру

Қазақстан көмір өндіру бойынша әлемде 10-шы орын алады. Бұл көмірді паровоздың 33 271 228,6 сағат тоқтамай жүруіне жетер еді, бұл 3 798 жылға тең және 70 км/с. жылдамдықпен 2 328 986 000 км жүріп өтуге жетер еді. Сөйтіп, паровоз біздің планетаны  58 116 рет айналып өтетін еді.

2011 жылы 116 449 300 тонна комир өндірілді.

Көмірдің орташа шығыны 5 тонна 70 км/сағ. жылдамдықпен 100 км.

Жердің экватор бойынша шеңбері 40 075 км.

Бір жылда 8 760 сағат.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-талдамалық жүйесі
ON-LINE ЕСЕПТЕР
e-history.kz
e-history.kz
dkz.mzsr.gov.kz

e-history.kz