қаз   рус  

Қызықты сандар

Қағаз

Қазақстанда ағаштың тамырының жалпы қоры (412,3 млн. куб. м.) 91,6 млн.тонна қағаз өндіруге болады (есеп бойынша 4-5 куб. м. ағаштан 1 тонна қағазөндіріледі). Әр тұрғынға 5 тонна қағаз келетін еді. Бұл: 5000 туалет қағаз бумасы, 1800 бума кеңсе қағазы, 2500 дәптер (36 беттен) және елдің бір азаматқа 200 күнделік.

Пәтер немесе шұлық?

Сіз білесіз бе? Қазақстанда 2001 жылы көлемі 50 ш.м пәтердің орта бағасы 4500шұлық сыңарлары және 15 теледидар (диагоналі 54-72 см)немесе 1350 кг сарымайдыңқұнына тең.

Жолаушылар

Қазақстанда күн сайын шамамен 12,6 мың адам ұшақпен ұшады, ал пойыздарда 50 есе жоғары адам тасымалданады. Сонымен 2012 жылы әуе көлігімен 4,6 млн жолаушы, ал темір жол көлігімен 24,1 млн жолаушы тасымалданды. 2000 жылдан бастап әуе көлікпен ұшатын жолаушылар (0,8 млн.) 6 есе өсті(2012 жылғы4,6 млн.).Әуе көлігімен ұшатын жолаушылардың 97,6% Алматы қаласынан және ОҚО ұшып шығады.73,3% жолаушылар Алматы қаласынан, ал 24,3 % жолаушы ОҚО ұшып шығады.

Туристік жолдамалар

Жаз – демалыс алу мезгілі! 2011 жылы Қазақстанда 22 233,8 млн.теңге соммасында туристік жолдамалар іске асырылды. Оның ішінде шығу туризмі бойынша сатылған жолдамалар бойынша 20 779,5 млн. теңге құрайды, бұл келушілерге қарағанда 46 есе жоғары (452,4 млн. теңге) және ішкі туризмге (1 001,9 млн. теңге) қарағанда 20 есе жоғары.

Бидай және ұн

Әлемде Қазақстан бидайды экспорттау бойынша жетінші орында және ұнды экспорттау бойынша бірінші орынды алады. Жыл сайын жиналатын жалпы бидайдың жиынтығы жылына елдің бір тұрғынына шамамен орташа 14 қап ұннан   немесе күніне 8 бөлке наншығады. Соңғы 10 жылды алғанда 2011 жылы бидайдың өнімділігі ең жоғары болды (жалпы 22 732,1 мың. тонна жиналған). Оның көлемі 312 м мөлшерді құрайды (орташа салыстыруға 750 г/л бидай (740-760 г/л) алынды. Немесе осы бидайдың көлемінен астықтың тізбегін жасауға болады (астықтың сипаттамасы:астық сабағының ұзындығы 4 мм, 1000 бидайдың массасы 35 гр.) Уран аспан денесіне дейін (Жер мен Уран аспан денесінің арасындағы қашықтық шамамен 2,7 млрд. км). Ал жылдық күріштің өнімі (346,8 мың.тонна) Марсқа дейін тізбек жасауға болады.

АЖҚС және ГҚС резервуарлары

Қазақстанда АЖҚС және ГҚС пайдаланатын резервуарлардың барлық көлемінен (493 195 945 л) елдің барлық жеңіл, жүк және автобус көліктерін (4 066 259 бірл.) 60 литрден 2 рет құюға болады.

Біздің елдің құю станцияларында бірден 25 196 автокөлікке құюға болады. Құю колонкалардың есебінен 12 598 бірл., және екі жақтан КҚ құю үшін автокөлікті тұраққа қою мүмкіндігі.

Жасалған автокөліктер

2011 жылы сатылған әрбір алтыншы жеңіл автокөлік Қазақстанда жасалды: 2011 жылдың қаңтар және желтоқсан айлары үшін 49 535 автокөлік өткізілді.

Оның ішінде: Қазақстанда 8 195 автокөлік жасалды, 41 340 авто импортты құрады, экспортқа 1 866 бірлік өтті, ішкі нарықта 47 669 бірлік өткізілді.

Автокөліктік кептеліс

Егер Қазақстанның барлық жеңіл автокөліктерден (2013 жылдың 1 сәуір жағдай бойынша3 736 048 жеңіл автокөлік) бір қатар бойымен кептеліс құралатын болса, онда кептеліс (18,6 мың. км) шығысынан батысына дейін (16 мың.км) бүкіл Евразияның ұзындығынан асатын еді.

Заңды тұлғалар

Сіз білесіз бе? Бүгінгі күні Қазақстанда 327 389 заңды тұлға тіркелген. Оның ішінде 1/3 (103 707) көтерме -бөлшек сауда және автокөліктерді жөндеу саласында жұмыс істейді. Елде кәсіпорындардың және ұйымдардың ең төмен саны электрмен жабдықтау, газ, бу беружәне ауаны баптау саласында жұмыс істейді (1076).

Заңды тұлғалардың жалпы санының 28%(92 533) Алматы қаласында тіркелген.

Мұнай

2012 жылы Қазақстан Республикасында магистральды құбырлар бойынша мұнайды тасымалдау 113,5 млн. тоннаны (132 млн куб метрді) құрайды. Мұндай мұнай көлемімен 5 рет Бурабай көлінтолтыруға болады, оның судың көлемі 29 млн. куб метрді құрайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-талдамалық жүйесі
ON-LINE ЕСЕПТЕР
e-history.kz
e-history.kz
dkz.mzsr.gov.kz

e-history.kz