қаз   рус  

Қызықты сандар

Қуатты машиналар

Сіз білесіз бе? 2013 жылы жеке тұлғалардың көлігіне салынған салықтан бюджетке түскен түсім шамамен 30 млрд. теңге құрады. Оның ішінде түсімдердің  40% (12,2 млрд) үлкен көлемді қозғалтқышы бар машиналардың үлесіне тиді (4000 куб.жоғары). Ескеретініміз еліміздің жолдарында қуатты қозғалтқышы бар автокөліктер барлығы  2 % құрайды.

Жолсеріктер

Қазақстанның авиакомпанияларда жолсеріктердің 30% еркектер  құрайды. Жолсеріктер бір айда 80 сағат уақытты ауада өткізеді. Олардың еңбек демалысы жылына 60  күнді құрайды. Сәйкесінше жылына толық 33 тәулікті ұшақта өткізеді. Эконом-класта  3 сағаттық ұшудажолсерік  шамамен 5 км жүріп өтеді.

Астана

Қазақстанның астанасын Астанаға көшіру  қаланың даму жаңа кезеңін көрсетеді. Астана  мәдени, саяси және және қоғамдық өмірдің мемлекеттік орталығы болды. Астана мәртебесін алғанна кейін Астана  қаласының даму статистикасы: Қаланың аумағы 2,3 есе артты (710 ш.км);
Астананың барлық қалалық тұрғын үй қоры (2013 жылдың 1 қаңтар бойынша) 15 052,4 тмың. кв. метрге тең, бұл 1998 жылдың басындағы  4 732 мың. кв. метр көрсеткіштен  3,2 есе артық:
2013 жылдың басында қалада: 90  күндізгі жалпы білім беретін мектептер (1998 жылы 42), 125 мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдары (1998 жылы 49),  14 жоғары оқу орындары (1998 жылы 5) жұмыс істейді.

Қалада 31 аурухана мекемелері (1998 жылы 18), мұнда барлық мамандықтары бар 6 229 дәрігерлер және орташа медициналық персоналдың 8 956маман жұмыс істейді.
Сондай-ақ қызықтыратыны:

Астанада тарихи және мәдени 47 ескерткіштер, оның ішінде архитектура және қала құрылысының 35  ескерткіштер, 12- археология  ескерткіштері бар;Қала тұрғындардың қарауында 525 спорттық құрылыстар, оның ішінде 2 спорт сарайы, 4 стадион, 13 спорттық кешен, 19 жүзу бассейні, 182теннис алаңы, 17 хоккей алаңы және басқа көпшілік демалатын объектілер;

Қалада  6 театр, 27 кітапхана (білім мекемелерінің кітапханаларын есептемегенде), 8 мұражай, 1 цирк, 7 кинотеатр, 3 балалар музыка мектебі, 2 өнер  мектебі, 1 көркем мектебі жұмыс істейді.

Бензин

Сіз білесіз бе? Қазақстанда  мотор отынын өндіру (бензин, оның ішінде авиациялық) тұтынудың жалпы көлемінен 71% құрайды (2012 жылы 4 029,9 мың. тонна). Бензинді өндірушілер бізде Павлодар облысы («Павлодарский нефтехимический завод» ЖАҚ – 1301,6 мың. тонна), Атырау облысы («Атырауский НПЗ» ААҚ – 506,6 мың. тонна) және Оңтүстік Қазақстан облысы (“Шымкентнефтеоргсинтез” ААҚ– 1 045,7 мың. тонн), ал қалған 29%бензин   импорты құрайды. Мотор отынын жеткізетін негізгі экспорттаушы мемлекеттер – Ресей (1 139,8 тонна ), Қытай (12,7 мың. тонна).

Дәптер

Жыл сайын Қазақстанда шамамен 11 мың. тонна дәптер пайдаланылады. 1 тонна ақ қағазды өндіру үшін 4-5 куб. м ағаш жұмсалады. Пайдаланылатын дәптерлердің санын өндіру үшін жұмсалатын шикізат көлемін 10 қабатты тұрғын үйдің көлемімен салыстыруға болады (ұзындығы -100 м, ені – 15 м, биіктігі – 35 м). Берілген шикізаттың көлемін салыстыру үшін 2300 га астам орманды кесіп тастауға қажет болады. ҚР орманды алқабтары бар жерлер – 12 млн.га.

 

Қуат көзі

Қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен қуат көзі 42% көмірден, 39% газдан, 17% мұнайдан өндіріледі.Сіз білесіз бе? 1 кВт/ч жұмсайтын болсақ 75 кг көмір, 35 кг мұнай шығаруға болады, 88 бөлке нан пісіруге, 10 м шыт тігуге, 2,5 телім жерді жыртуға болады.

Үлкен автотұрақ

Егер Қазақстанның барлық жеңіл автокөліктерін (01.10.2012 жылы 3 646 003 бірлік, stat.gov.kz, көлік бөлімі) бір алаңға орналастырса (машина қоятын орнының орташа көлемі 12,5 ш.м), онда автотұрақ көлемі ұзыныдығына қарай 7 км ал еңі 6,5 км құрайды. Бұл алаңға 7120 футбол алаңын сыйдыртуға болады (алаңның көлемі 100 м х 64 м = 6400 ш. м).

Такси

Сіз білесіз бе? Қазақстан және Орта Азия аумағында автокөліктердің саны бойынша ең ірі Алматы қаласының 2-нші автомобиль паркі болып саналады. 500 такси машиналардан астам.

Байланыс қызметтердің жылдық табысы

Сіз білесіз бе? 2012 жыл үшін ҚР байланыс қызметтердің жалпы табысы ең қымбат 1-інші НХЛ хоккейлық клубтың және беделді 2-інші әлемнің футбол клубтыңжиынтық құнына тең. 2012 жылдың бұл клубтардың таза түсімі 330 млн АҚШ долларды құрады.

«Форбс» мәліметтері бойынша 2012 жыл үшін:

  1. Toronto Maple Leafs құны – 1$1 млрд

2011/2012 жылдардағы түсім: $200 млн

2011/2012 жылдары операциялық түсім: $82 млн

  1. Barcelona – $2,6 млрд.

2011/2012 жылдардағы түсім: $2,6 млрд.

2011/2012 жылдары операциялық түсім:$613 млн

  1. InterMilan – $401 млн

2011/2012 жылдары операциялық түсім: $89 млн

Білуге қызық жайтбайланыс қызметінің жалпы табысы 76% (АҚШ3 млрд долл артық) Алматы қаласына келеді.

Сүттен бастап ірімшікке дейін

Қазақстанда жыл сайын шамамен 5 млн. тонна сүт өндіріледі. Бұл көлемнен 500 мың.тонна ірімшік өндіруге болады (сүттің шығарылған жеріне және сапасына, ірімшіктің рецептурасына байланысты бір килограмм ірімшікке 6 дан 14 литрге дейін сүт пайдаланылады). Ірімшікті тұтыну бойынша әлемдік рейтенгте біздің ел 2-інші орынды алушы еді, ал өндіру бойынша біз әлемдегі ірі өндірушілердің ішінен 10-ншы орында болушы едік.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-талдамалық жүйесі
ON-LINE ЕСЕПТЕР
e-history.kz
e-history.kz
dkz.mzsr.gov.kz

e-history.kz