қаз   рус  
Республикамызда халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес мемлекеттік статистика саласында еліміздің әлеуетін арттыруға бағытталған ҚАЗСТАТ жобасын жүзеге асыру басталды, деп хабарлады бүгін жобаны жүзеге асыру бойынша
ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобының отырысында ҚР статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов.
«ҚАЗСТАТ – халықаралық әдіснамаға және іс-тәжірибеге сәйкес мемлекеттік статистика саласында еліміздің әлеуетін арттыруға бағытталған жоба. Сарапшылардың танысу сапарлары өтті. Жобаның әр компоненті бойынша жұмыс жоспары бекітілген. Оны жүзеге асыру басталды»,- деді Ә.Смайылов.
Сонымен қатар, ҚАЗСТАТ жобасын жүзеге асыру нәтижелері еуропалық елдердің деңгейне сәйкес жетілдірілген Ұлттық статистика жүйесін құру, халықаралық озық іс-тәжірибені енгізу, сапалы статистикалық мәліметтермен халықтың қанағаттану деңгейін 80%-ға дейін арттыру болуы тиіс.
Сонымен қатар, жобаны іске қосудың арқасында кәсіпорындардың статистикалық есеп формаларын толтыру және ұсынуға жұмсалатын уақыт 40 %-ға қысқартылады.
Статистика агенттігі басшысы атап өткендей жоба аясында министрліктер мен ведомстводардың қызметкерлері статистиканың әр түрлі салалары бойынша оқытудан өтеді деп болжануда.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚАЗСТАТ жобасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық үйлестіру жұмыс тобының отырысы өтті. Іс-шара жұмысына ҚР статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов, Германия Федералдық статистика офисінің басшысы Родерих Эгелер, сонымен қатар бейінді министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-талдамалық жүйесі
ON-LINE ЕСЕПТЕР
e-history.kz
e-history.kz
dkz.mzsr.gov.kz

e-history.kz