қаз   рус  
Елімізде ұлты қазақ 11 миллионшы ұл бала Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Оның есімі –  Мұхтар.
Ол 2012 жылы желтоқсанның 28-і күні дүниеге келген. Ауыл қариялары сәбиге ақ батасын беріп, ұзақ ғұмыр тіледі. Осындай мәртебеге ие болған төрт айлық нәрестенің ата-анасы – қарапайым ауыл тұрғындары.  Әкесі ауыл шаруашылығында, ал анасы ағылшын тілінің мұғалімі. ҚР Статистика агенттігі таратқан соңғы ақпаратқа жүгінер болсақ елімізде халық саны 17 миллионнан асқан. Жалпы елімізде туылатын сәбилердің  әрбір бесіншісі дәл осы оңтүстік қазақстанда дүниеге келеді екен. Ал, ұлдарының 11 миллионыншы қазақ болғаны Мұхтардың ата-анасы үшін тосын сый болып отыр.
Шолпан КҮДІРБЕКОВА, баланың анасы:  
–  Ұлымның 11 миллионыншы қазақ екенін Мектептегі әріптестерім келіп құттықтаған кезде барып бірақ білдім. Мен қыз күткен едім бірақ ұл бала болды. Момын, жайлы көп жыламайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитеті
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-талдамалық жүйесі
ON-LINE ЕСЕПТЕР
e-history.kz
e-history.kz
dkz.mzsr.gov.kz

e-history.kz